РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Меркі ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Абылқасымов) ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезінде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және оларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
5. "Меркі ауданы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Байжанов) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке тапсырылсын.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі Б. Рысмендиев
Меркі ауданы әкімиятының
2008 жылғы 25 қарашадағы
№ 366 қаулысына № 1 қосымша
2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі
2009 жылы қоғамдық жұмыстар келесі ұйымдарда жүргізілсін:
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ақарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Аспара ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Акермен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Т. Рыскұлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Меркі ауданы әкімиятының
2008 жылғы 25 қарашадағы
№ 366 қаулысына № 2 қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс жағдайлары |
Көлемі |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1 |
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) |
1. Арық тазалау |
Қажет- |
118 |
65 |
2 |
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету |
1. Талдарды суғару |
Қажет- |
5 |
5 |
Барлығы |
123 |
70 |