РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 29.07.2013 № 347 қаулысымен
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабының 1 тармағы 18) тармақшасы негізінде аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде құтырма ауруының тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құтырма ауруы тіркелген Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ қыстауының тұрғыны Петр Демченконың қора-жайына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Жануарлар ауруларының таралуын болдырмау мақсатында «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жайлыбаевқа, «Жамбыл облысы әкімияты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Қазанғаповқа (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Атабаевқа (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурулардың (құтырма) алдын-алу және оларға қарсы күрес жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық ережесінен» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылдың 17 маусымында № 2365 нөмірімен тіркелген) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі А. Нұралиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімияты
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының Т. Рысқұлов
атындағы аудан бойынша бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қалдыбек Жақсылықұлы Қазанғапов
26 желтоқсан 2008 жыл
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Т. Рысқұлов
аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Бақберген Исабеков
26 желтоқсан 2008 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
«Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Шорабек Атабаев
26 желтоқсан 2008 жыл