Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 09.06.2014 № 28/04 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатудың Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес, су нысандарын санитарлы-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау үшін, жер үсті суларының ластануының, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау үшін, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтары орнатылсын:
1) "Қарағанды облысының Нұра өзенінің су нысандарында су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтарын анықтау";
2) "Қарағанды облысының Шерубай-Нұра өзенінің су нысандарында су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтарын анықтау";
3) "Қарағанды облысының Сарысу өзенінде су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";
4) "Қарағанды облысының Соқыр өзенінде су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";
5) "Қарағанды облысының Самарқант бөгенінде су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";
6) "Қарағанды облысының Федоров бөгенінде су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";
7) "Самарқант бөгенінің жағалауы бөлігінде орналасқан "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектелген серіктестігімен Нұрқазған тау-байыту комбинаты технологиялық нысандарының сумен жабдықталған байыту фабрикасы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
8) "Самарқант бөгенінің оңтүстік жағасында орналасқан "Арселор Миттал" акционерлік қоғамы өнеркәсіп алаңы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
9) "Самарқант бөгенінің жағасында орналасқан "Нұр-СХ" демалу аймағына су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
10) "Самарқант бөгенінің жағасында орналасқан "Космонавт" демалу аймағына су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
11) "Самарқант бөгенінің жағасында орналасқан "СТЭКА" өнеркәсіп бірлестігі туристік базасы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
12) "Самарқант бөгенінің оңтүстік жағасында орналасқан "Восток-1" сауықтыру кешені үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
13) "Самарқант бөгенінің оңтүстік жағасында орналасқан "Металлургжилстрой-Сервис" жауапкершілігі шектелген серіктестігі демалу аймағы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";
14) "Самарқант бөгенінің оңтүстік жағасында орналасқан "Темирстрой" жауапкершілігі шектелген серіктестігі демалу аймағы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату".
2. Су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтары шегінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Б. Яковлев) бекітілген жобалар негізінде Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр өзендерінің және Самарқант, Федоров бөгендерінің су қорғау аймақтары және жолақтарының шекарасындағы жерлерде белгіленген үлгідегі су қорғау белгілерін орнату жұмыстарын жүргізсін.
4. Қарағанды облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы (О.Т. Төреғожин) "Қарағанды жер ҒӨО (ғылыми өндірістік орталығы)" еншілес мемлекеттік кәсіпорынымен (С.С. Сатаров - келісім бойынша) бірлесе отырып, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтарының шекарасын картографиялық материалдарға түсірісін және жер-есептік құжаттарға өзгерістер енгізсін.
5. Қарағанды қаласының (И.У. Тоғайбаев), Теміртау қаласының (О.Ш. Бітебаев), Абай (Т.А. Алтынбеков), Ақтоғай (М.С. Жарылғап), Бұқар жырау (Е.Е. Нашаров), Жаңаарқа (Х.Н. Омаров), Қарқаралы (Н.И. Омарханов), Нұра (С.Ж. Шайдаров), Шет (Р.Қ. Әбдікеров) және Ұлытау (Ж.А. Дәрібаев) аудандарының әкімдері:
1) белгіленген су қорғау аймақтары мен жолақтары шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;
2) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, жолақтарын және шаруашылыққа пайдалану тәртібін сақтасын;
3) тиісті пайдалану тәртібін сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және нысандарының жолақтары шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су нысандарының ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заң шығару органына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын.
6. Қарағанды, Теміртау қалаларының және Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет, Ұлытау аудандарының және аталған қала мен аудандардың селолық округтерінің әкімдері, олардың ведомстволық қарастылығына және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық нысандары басшылары пайдаланатын жерлердегі, Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр өзендерінде және Самарқант, Федоров бөгендерінде орналасқан су қорғау аймақтары және жолақтарында:
1) су қорғау аймақтары және жолақтарын қажетке жаратуға бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен жолақтарының жағдайына зиянды әсерлерді жою жұмыстарын жүргізсін;
2) қосымшаға сәйкес, шаруашылыққа пайдалану тәртібін бұзбауды және тиісті тазалық жағдайын, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитетінің Нұра-Сарысу бассейндік су шаруашылығы басқармасы (Б.З. Данбаев - келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен жолақтарының шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Х. Мұсатаевқа жүктелсін.
9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қарағанды облысы әкімінің
міндетін атқарушы Б. Камалиев
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы ауыл Қарағанды облысының
шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік санитарлық-
су ресурстары жөніндегі Комитеті эпидемиологиялық қадағалау
Нұра-Сарысу бассейндік департаментінің директоры
су шаруашылығы
басқармасының бастығы
_____________Б.З. Данбаев ___________Т.Н. Хамитов
29.04.2008 жыл 29.04.2008 жыл
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 29 сәуірдегі
N 11/02 қаулысымен
бекітілді
Су қорғау аймақтары мен жолақтарын шаруашылыққа пайдалану
тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жер үсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен жолақтары және бекітілген жоба негізінде жобалау жөніндегі техникалық нұсқаудың негізгі тәртібі әзірленді.
2. Су қорғау аймағы төңірегінде рұқсат етілмейді:
1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;
2) өсімдік ауруы мен арам шөптерді, зиянкестерді жоюға химиялық құралдарды қолдануға;
3) топырақты тыңайтуға малдың сарқын суын пайдалануға;
4) улы химикаттар, минерал тыңайтқыштары және жанар-жағар май материалдары қамбаларын, улы химикаттар аппаратурасын ауыстыру үшін, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіп, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын көму және жинау орындарын, зираттар мен мал қорымы орындарын, сарқын су жинағыштарды орналастыруға;
5) мал тезегі мен қоқыс жинауға;
6) жанармай құюға, автокөлік, трактор және басқа машина мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
7) су қорғау аймағының ені 100 м-ден кем болғанда және жақын жатқан аумақтың беткей еңістігі 3 градустан асса, саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
8) көліктер тұрағын орналастыруға, оның ішінде саяжай және бау-бақша учаскелері аумағында;
9) бас пайдаланымдағы ағашты кесуге;
10) су қорларын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстары, энергиямен қамту және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту басқармалары саласындағы өкілетті органдар мен жергілікті атқару органдары келісімінсіз ғимараттар, құрылымдар, коммуникация және басқа объектілерді қайта жөндеуге, пайдалы қазба өндіру, жер қазу және басқа жұмыстарды өткізуге.
3. Су қорғау жолақтары төңірегінде 2 тармақта көрсетілген кедергіге қосымша рұқсат етілмейді:
1) жерлерді жыл сайын жыртуға;
2) тыңайтқыштарды қолдануға;
3) шайылған грунт үйіндісін жинауға;
4) малды жаюға және жазғы бағу орындарын ұйымдастыруға (пайдаланылып жүрген суару орындарынан бөлек), жуындыру орындарын орнатуға;
5) мерзімдік стационарлы палаталы қалашық орналастыруға;
6) саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
7) жеке меншік тұрғын үй немесе саяжай, басқа да құрылысқа учаске бөлуге;
8) жол және соқпақ жол тосеуге (малды суару орындарына баратын жолдардан бөлек);
9) арнайы мақсаттағы техникадан басқа автокөлік, трактор және механизмдердің қозғалуына.
4. Су объектілерінің және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелері шаруашылық қызмет тәртібіне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісінде белгіленген тәртіппен және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.