Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы ХХХІІІ сессиясының "Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 13 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-35, 2006 жылғы 2 тамыздағы N 30 (146) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тарау 2 тармақтағы "15 пайыз" сөздері "10 пайыз" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 2 тарау 5 тармақ 1) тармақшадағы "орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болған жағдайда - айына 8 килограмм; орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болған жағдайда - айына 10 килограмм;" сөздері "орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің болуы немесе болмауына тәуелсіз, нақты шығындар бойынша, бірақ айына 8 килограммнан артық емес;" сөздерімен ауыстырылсын;
3) 3 тарау 12 тармақта "зейнеткерлерге" сөзінен кейін "және мүгедектерге" сөздерімен толықтырылсын;
4) 3 тарау 14 тармақта "сомаға азайту болып табылады." сөздерінен кейін келесі мазмұндағы "Тұрғын үй сомасын коммуналдық қызметпен жабдықтаушының есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынды тарату, қайта құру, банктік реквизиттердің өзгеруі және тағы басқалар), ол өтініш беруші қызметін қолданатын басқа жабдықтаушылардың арасында үлестіріледі." абзацымен толықтырылсын;
5) 8 тарау 31 тармақта "көмектен" сөзінде "тен" жалғауы "," тыныс белгісімен ауыстырылсын;
"өз ісін ашу үшін берілетін материалдық көмектен" сөздерінен кейін "негізгі азық-түлік бағаларының көтерілуіне байланысты, Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыдан" сөздерімен толықтырылсын;
6) 8 тарау 33 тармақтағы 13) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қазанынан пайда болған қатынастарға таратылады.
ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихаттың кезектен
тыс ХІІ сессиясының төрайымы С. Боранқұлова
Қарағанды қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушысы М. Камалиев