Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 5/9 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 ақпанда N 8-3-48 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-46 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылы мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақыларды алатын келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
      1) 1, 2, 3-топ мүгедектеріне;
      2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға (егер бала жасөспірім немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайда болса);
      3) фашистік лагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      4) қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген азаматтар мен "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандарға;
      5) қаза тапқан жауынгер-интернационалистер отбасыларына (арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатындарға);
      6) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған), хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне;
      7) 1986 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
      8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға;
      9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен немесе ертеде "Батыр-Ана" атағын алған көпбалалы аналарға;
      10) 2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша базалық зейнетақы есебімен айына он үш мың теңгеден төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      11) асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткер жасындағы адамдарға;
      12) жасының келгендігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткер жасындағы адамдарға.
      13) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" ММ анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2008.06.19 N 25/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақты қараңыз) қаулысымен.
      2. Қалалық қоғамдық көліктерде жүруге көрсетілетін әлеуметтік көмек жеңілдік жүру билеттері түрінде беріледі және қолданылмаған жүру билеттері үшін азаматтарға ақшалай өтемақы беру қарастырылмаған.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті алатындардың жеке шоттары арқылы "Теміртау қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ақшалы қаражаттарды аударуды уақытылы қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады