Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарды әлеуметтік қолдау, зейнетақысының мөлшері төмен зейнеткерлерді барынша көп қамту мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 4 маусымдағы 10 сессиясының "Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 10/5 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-60 болып тіркелген) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-48 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурыздағы N 10 "Теміртау" және 2008 жылғы 5 наурыздағы N 9 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 5/9 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 10)-тармақшасы келесі мазмұнда баяндалсын:
"2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша базалық зейнетақы есебімен айына он үш мың теңгеден төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге";
2) 1-тармақтың 13)-тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын: "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" ММ анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Теміртау қаласының әкімі О. Бітебаев