Жеңіс күнінің қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 9/14 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 18 наурызда N 8-3-50 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 48/58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 27.11.2008 N 48/58 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-46 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңында көрсетілген, "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға;
      3) қоршаудағы кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерьдің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмлетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      5) 1986–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      6) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
      2) берілетін біржолғы материалдық көмекті төлеу "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың Қарағанды филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің базасымен салыстырылған тізімдері бойынша жүргізілсін;
      3) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына сәйкес белгілесін.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Теміртау қаласының әкімі
О. Бітебаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады