Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 9/16 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 8-3-51 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабын, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-46 нөмірімен тіркелген Теміртау қалалық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 6/4 "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешімін басшылыққа ала отырып және арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуге алынған арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      2. Жұмыс берушілерге арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға еңбекақыны "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 680 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Әдістемелік ұсыныстарына" сәйкес ең төменгі айлықтың 50 пайызынан кем емес мөлшерінде төлеу ұсынылсын.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу үшін 25 әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады