Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 2 шілдедегі 11 сессиясының "Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 11/4 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-62 тіркелген) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы "Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-56 тіркелген, 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 16 "Зеркало", 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 17 "Теміртау" газеттерінде жарияланған) N 13/23 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1-тармақтың бірінші абзацы келесі мазмұнда берілсін:
"2008 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың келесі санаттарына айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Теміртау қаласының әкімі м.а. Ю. Кусиди