Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N 13/23 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 18 сәуірде N 8-3-56 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-46 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың келесі санаттарына айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін:
      1) 2008 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш білдірген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындарға;
      2) 2008 жыл бойында жәрдемақы тағайындауға өтініш берген - 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушы - балаларға;
      3) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      4) бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар (оның ішінде жоғары және орта оқу орындарында оқитын, олардың кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін бірге тұратындар) көп балалы аналарға;
      5) асыраушысынан айырылғандығы бойынша әрбір балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға;
      6) жасы келгендігі бойынша зейнетақы алмайтын, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
      7) жасы келгендігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлік жастағы тұлғаларға.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2008.07.24 N 30/64 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Материалдық көмек 2008 жыл бойына тоқсанында бір рет төленсін.
      3. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) берілетін материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға материалдық көмекті "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төлесін;
      3) 1-тармақтың 3)-7)тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алатындарға материалдық көмекті Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың Қарағанды филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне электрондық тасымалдаушыда ұсынған тізімдері негізінде төлесін.
      4. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады