Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.12.21 N 208 шешімімен.
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектеріне және соларға тенестірілгендерге жеңілдік және әлеуметтік қорғау туралы" зандарына және қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы XII сессиясының N 99 "2009 жылғы қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 2009 жылғы жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылу үшін біржолғы материалдық көмек көрсету мақұлдансын.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып анықталсын.
3. Біржолғы материалдық көмек қалалық бюджет есебінен тағайындалады.
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) Ұлы Отан соғысының қатысушыларының, мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың жеке өтініштері арқылы 2009 жылға газеттерге жазылумен қамтамасыз етеді.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономия мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Мусин) жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XII сессиясының төрағасы Т. Қасымов
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдірсізов
Келісілді:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы Н. Гармашова
2008 жыл 22 желтоқсан