2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы" Заңына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, ономастикалық комисияның мәліметтерін ескере отырып, бірлескен әкімдіктің Қаулысы мен мәслихат шешімі негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кеңес көшесінің атауы өзгертілсін және оған Қабыш Жәкеновтің аты берілсін.
2. Интернационал көшесінің аты өзгертілсін және оған Елизавета Зиминаның аты берілсін.
3. Карл Маркс көшесінің аты өзгертілсін және оған Жанғали Қожановтың аты берілсін.
4. Саран қаласы әкімдігінің берілген қаулысының және Саран қалалық мәслихатының шешімінің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына – комиссия төрайымы Л.В. Хузинаға және Саран қаласы әкімінің орынбасарлары Л.Н. Ким, Ш.М. Исеновке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Саран қаласының әкімі М. Смағұлов
Сессия төрағасы Д. Литовкин
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов