2009 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 10 сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 196 шешімі. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 8-7-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 364 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 2009.12.22 N 364 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2009 жылға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа), Саран қаласында төмендегі санаттағы оқушылардың жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
      1) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицейлердің осы сыныптарының оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады (2009 жылғы 20 маусым мен 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      2) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сонымен қатар гимназия сыныптары мен лицей топтарының оқушылары қала ішіндегі қоғамдық көліктерде тиісті оқу орны берген бір үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді (2009 жылғы 20 маусым мен 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      3) кәсіптік мектептер мен колледждердің оқушылары Саран қаласында қоғамдық көліктерде жол жүрсе, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, яғни, тиісті оқу орны берген студенттік немесе оқушы билетін көрсетсе, бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
      4) жол жүру жеңілдігі қала ішінде үнемі жүретін автобустарға, маусымдық (саяжайға) маршруттарға берілмейді;
      5) жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай-ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының "2008 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 62 шешімінің күші жойылсын, 8-7–57 мемлекеттік тіркеу нөмірмен тіркелген, "Ваша газета" газетінде 2008 жылы 12 ақпанда N 2 жарияланған.
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Е. Туркавский
      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады