2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 19/2 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда N 8-8-62 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
        1. Саны 300 адамды қоғамдық жұмыстарға арналған сұраныстар мен ұсыныстар бекітілсін.
        2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерімен бекітілсін (Қосымша).
      3. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Р.И. Меллятова):
      1) осы қаулының 2 тармағында белгіленген барлық жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шарттарын жасасын;
      2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелерімен қатаң сәйкестікте жүргізілсін.
        4. "Шахтинск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Меллятов) 13 470 теңге ең төменгі еңбекақы мөлшерін ескере отырып қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Егишевке жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                         Қ. Мұкатов

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2008 жылдың 5 желтоқсандағы
№ 19/2 қаулысына
қосымша

      1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі және ай сайын жіберілетін жұмыссыздардың саны:
      1) мемлекеттік мекемелер – 224 адам;
      2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 2 адам;
      3) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 74 адам.
      2. Қоғамдық жұмыстар түрлері:
      1) мемлекеттік қызметті оңтайландыру;
      2) абаттандыру;
      3) аймақтық кампания;
      4) объектілерді жөндеу және қайта құру;
      5) оқу барысын және балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
      6) қайрымдылық бикесі қызметтерін көрсету;
      7) "Салауатты ұлт" бағдарламасын жүзеге асыру;
      8) әлеуметтік қызметтерге көмектесу;
      9) демалыс кезеңінде балалардың демалысын ұйымдастыру;
      10) жолдарды жөндеу;
      11) көгалдандыру;
      12) аула клубтарының қызметін ұйымдастыру;
      13) тәрбиелеуші-педагогтардың қызметі;
      14) жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
      15) мәдени-сауықтық іс-шараларды ұйымдастыру;
      16) тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бөлінген мөлшерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады