Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-9-54 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2009 жылғы 07 желтоқсандағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2009.12.07 N 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпыбілімдік деңгейін және мамандығын белгілеу, денешынықтыруының дайындық деңгейін анықтау, шақырылушыларды алдын-ала белгілеу және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалу үшін және әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеу мақсатында Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2009 жылдың қаңтарынан наурызға дейін Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтардың тіркелуі жүргізілсін.
      2. Абай ауданының ауыл және кент әкімдері қорғаныс істері жөніндегі шақыру бөлімінің комиссиясына жасөспірімдерінің ұйымдастырылған және міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірәхым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады