Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2009 жылғы 07 желтоқсандағы N 3 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-72 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2010.11.29 N 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізуді, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтауды, жалпыбілімдік деңгейімен мамандығын белгілеуді, дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтауды, шақырылушыларды алдын-ала белгілеуді және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалу үшін және әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеуді орындау мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2010 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
      2. Абай ауданының ауыл және кент әкімдері ұландардың Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Абай ауданының әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы "Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" N 1 шешімінің (Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 12 қаңтарында N 8-9-54 тіркелген, аудандық жұма сайынғы "Абай-Ақиқат" газетінде 2009 жылдың 16 қаңтарында N 4 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібырахым Ісләмұлы Ісләмовке жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады