Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.04.25 N 1-1/105 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 27–бабының 2-ші тармағына және 491–бабының 2-тармағына, және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11– бабының 1–ші, 3–ші тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем ақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
3.Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Жарылғасынов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы Қ. Болғанбаев
18.11.2008 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 қарашадағы
9 сессиясының N 106 шешіміне
қосымша
Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнаманың бір жақ беті үшін ай сайын төлем мөлшерлемесі
N |
Мазмұны |
Басқа аудандық негіздегі қалалар, кенттер, село, ауылдар (айлық есеп көрсеткішімен) |
1. |
1.1 Көлеміне қарай ақпаратты жарнамалық объектілер; |
|
- 2 шаршы метрге дейін /бір объект үшін/ |
0 |
|
– 2 ш.м 5 ш.м дейін / |
1 |
|
- 5 ш.м 10 ш.м дейін |
2 |
|
- 10 ш.м 20 ш.м дейін |
5 |
|
- 20 ш.м 30 ш.м дейін |
5 |
|
- 30 ш.м 50 ш.м дейін |
10 |
|
- 50 ш.м 70 ш.м дейін |
15 |
|
- 70 ш.м жоғары |
25 |
|
1,2 Палаткалардағы, тенттардағы, шатырлардағы, аспалы қалқандардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы жарнамалар; |
||
- 5 шармы метрге дейін |
0 |
|
- 5 шармы метрден 10 ш.м дейін |
0 |
|
- 5 шармы метрден 10 ш.м дейін |
1 |
|
1,3 Уақытша үлгідегі дүңгіршектер мен павильондарда: |
||
- 2 шармы метрге дейін |
0 |
|
- 2 шармы метрден 5 ш.м дейін |
0 |
|
- 5 шармы метрден 10 ш.м дейін |
1 |
|
- 10 ш.м. жоғары |
2 |
|
2. |
Қозғалатын объектілерде: |
|
2,1 Автобустардағы, траллейбустардағы, трамвайлардағы, жүк, арнаулы автокөліктердегі /жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан жоғары/ |
2 |
|
2.2 Ықшамды автобустардағы, таксилердегі, жеңіл автокөліктердегі /жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін/ |
1 |