Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.09.28 N 7 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 28336 болып енгізілген) сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының N 4 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-23 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы N 31, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 32 санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің және қоса берілген Ереженің атында "тұрғын үйді ұстауға," деген сөздерден кейін "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса," деген сөздермен толықтырылсын;
2) аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасында:
1 тармақтың 1) тармақшасы "тұрғын үйді ұстауға," деген сөздерден кейін "көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
2 тармақ "Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі" деген сөздерден кейін "мен көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізудің кестесі, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі және олардың шегіндегі үлесі" деген сөздермен толықтырылсын;
4 тармақ "Тұрғын үй" деген сөздерден кейін ", көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын;
9 тармақ "тұрғын үйді ұстауға," деген сөздерден кейін "көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
10 тармақ "Көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге келген тұрғын үй жәрдемақысының сомасы, жәрдемақы тағайындайтын өкілетті органмен кондоминиум объектісінің арнайы жинақ шотына аударылады" деген абзацпен толықтырылсын;
23 тармақ "тұрғын үйді ұстауға" деген сөздерден кейін, ", көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ш. Курбанов
Мәслихат хатшысы А. Жүніспеков