"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын" бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 29 сессиясының 2006 жылғы 27 маусымдағы N 4 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2006 жылғы 25 шілдеде N 8-11-23 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.09.28 N 7 шешімімен.
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 45261 болып енгізілген), 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 40727 болып енгізілген) Қаулыларын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      1. Қоса беріліп отырған "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасы" бекітілсін.
      2. 2003 жылғы 16 қаңтардағы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 24 сессиясының "Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін, қатты отын бағасын белгілеу туралы" N 10 шешімі (2003 жылғы 12 ақпандағы N 1064 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2003 жылғы 29 наурыздағы N 13 "Сарыарқа" аудандық газетінде ресми жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
      3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасының
 
міндетін атқарушы,
 
аудандық мәслихат хатшысы
А. Жүніспеков

      

  2006 жылғы 27 маусымдағы N 4
Бұқар жырау аудандық Мәслихатының
29 сессиясының шешімімен
бекітілген

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру
Қағидасы

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.
      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
      2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекенжай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
      3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі- өтініш беруші);
      4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай түрде алған табысының жалпы сомасы;
      5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
      7) Халыққа қызмет көрсету орталығы – Бұқар жырау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы;
      8) телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2009.07.21 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2007.07.23 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін -30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      газ:
      орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда- айына 8 килограмм;
      орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
      қатты отын:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      отбасына электр қуатын тұтыну:
      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      4. Тұрғын үй, көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.

3. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау және төлеу тәртібі

      5. Тұрғын үй жәрдемақылары ауданда тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
      6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      8. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      Көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге келген тұрғын үй жәрдемақысының сомасы, жәрдемақы тағайындайтын өкілетті органмен кондоминиум объектісінің арнайы жинақ шотына аударылады.
      Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы көтерілуіне өтемақы төлеу, ауданның жергілікті өкілетті органы бекіткен, шығыстардың жол берілетін деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2009.07.21 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.
      11. Өтірік мәліметтер берілетін болып, аса көтерілген өтемақы тағайындалса, жалдаушы (меншік иесі) алты айдың ішінде жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал заңсыз алынған тұрғын үйді ұстау жәрдемақы сомасы заңды түрде қайтарылады.
      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      12. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының жазбаша хабарламасымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
      Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларын беру мерзімдері

      14. Тұрғын үй жәрдемақылары тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      Тоқсан сайын отбасы құрамы мен табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар, құжаттарды нақты тапсырған күніне қарамай, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
      Ағымдағы тоқсанда отбасы құрамы мен табыстары туралы мәліметтер ұсынбаған отбасыларына, себептерге қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу құжаттарды тапсырған айдан бастап жүзеге асырылады.
      15. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсының мөлшеріне және алу құқығына әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      17. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау барысында басқа қалаларда және тұрғылықты жерлерде уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу және өтініш беру тәртібі.

      18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жерінің уәкілетті органына немесе ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттар тапсыру керек:
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үй құжатының құқығын анықтайтын көшірмесі (ордер, тұрғын үйді жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сатып алу - сату келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, тұрғын үй және басқаны меншіктенуге құқығы бар деген сот шешімі);
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
      5) алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен;
      6) алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен;
      7) коммуналдық қызметке, тұрғын үйді ұстауға төлем ақы төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
      8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін дәлелдейтін (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметіне төленген шоттың квитанциясы) құжаттың көшірмесі;
      9) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз); 2009.07.21 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімдерімен.
      19. Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, содан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
      20. Уәкілетті орган (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      Ескерту. 20 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беруге негіз бола алады. Уәкілетті орган ай сайын тұрғын үй жәрдемақысының өзара есебін жүргізеді, ол өтініш берушінің өтінішіне қарай беріледі.
      22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқығы бар, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
      23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға, көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      Ескерту. 23 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.03.28 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      24. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
      25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      28. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және тағы басқалар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      29. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      30. Орта айлық табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
      Ескерту. 30 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      Мезгілді жұмыста қызмет істейтін жұмыскерлердің жалақысы, оны алғаннан бастап отбасының жиынтық табысына саналады. Жалақы болмаған кезеңде, жиынтық табыс жалақы есепке алынбастан саналады.
      Жиынтық табыста келісім шартсыз жеке азаматтардың нақты жалақылары саналады. Бұл бойынша жалақының шынайы бөлігі базар құнымен қаржылай эквивалентте жиынтық табысқа қосылады. Жалақыны өтініш беруші өзі көрсетеді;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      Алимент төлеуші жұмыс істемеген жағдайда және уәкілетті органдарда жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрса, бас бостандығынан айрылғандар жерінде болса, немесе уақытша изолятор қамқорлығында болса, емделуде немесе туберкулездер тізімінде, психоневрологиялық диспансерде, еңбектік-емделу профилакториясында болса, іздеуде немесе Қазақстан Республикасының келісуінсіз мемлекеттегі тұрақты тұрғылықты жерінен шығып кеткен жағдайда жазбаша өтінішпен бірге сәйкес органдардың қосымша растайтын құжаттары негізінде алиментті санамай жиынтық табыс есептен шығарылады;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      Табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының мәліметі негізінде, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар Департаментінің берген Қарағанды облысындағы өткен жылғы өсімдік және мал шаруашылығы өнімінің орта жылдық бағасы қолданылады;
      5) өзге де табыс.
      Ескерту. 31 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.06.19 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз) шешімімен.
      32. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi;
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.

8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс

      33. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      34. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      35. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      36. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады