Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 7 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қазанда N 8-11-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011.12.12 N 6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Бейсекеев

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 32 сессиясының
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
N 7 шешімімен
бекітілген

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

      Осы Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулыларымен сәйкес әзірленді және Бұқар жырау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және көлемін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 10 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйді ұстауға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.
      Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 10 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегі Бұқар жырау ауданында тұрақты тұратын, белгілі бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын адамдарға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.
      Шекті жол берілетін шығыстары телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындары үшін отбасының жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады;
      2) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      3) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      5) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілетін қызметтер;
      6) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
      7) кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектісі) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
      8) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      9) төлеу шоты – тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызмет ақысын, тұрғын үйді ұстауға және көмірді алғаны үшін мәлімдеушімен берілетін анықтама, хабар қағаз, түбіртек;
      10) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуі – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің бөлек түрлері, сонымен қатар:
      ірге тас, сыртқы қабырғалар және салмақ түсетін констукциялар;
      төбе жабындысы;
      баспалдақтар (алаңдар) және ішкі қабырғалар;
      инженерлік коммуникациялар және жабдықтар;
      басқалар (подъезд есіктері, терезелер, фрамугалар).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
      бір адамға көлемді газ:
      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;
      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);
      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
      1985 жылға дейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 98 килограмм көмірден артық емес;
      1985 жылдан кейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 72 килограмм көмірден артық емес;
      жылыту маусымының ұзақтығы – 6 ай;
      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Бұқар жырау ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;
      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына – 150 киловаттан;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловаттан аспау керек;
      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;
      4) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін бөлек түрлерінің күрделі жөндеулері кезекпен төленеді. Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
      5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
      8. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алуға келесілердің құқығы жоқ:
      1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар;
      2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдар;
      келесі адамдарды есептемегенде:
      3) күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
      4) туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
      5) үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      6) кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      7) кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
      10. Даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегіне үміткер сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
      11. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      12. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 6 ай мерзімге тағайындалады.
      13. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
      14. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      15. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және тағайындау тәртібі

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттарын тапсыру үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша "Бұқар жырау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ-не тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш пен келесі құжаттарын (1 қосымша) алып барады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабынің көшірмесі;
      4) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;
      5) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектер, келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтерін тұтыну үшін төлеу жөнінде түбіртек, көлемді және балон газын тұтыну туралы шоты (түбіртек, анықтама), қатты отын алу шоты (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), телекоммуникация байланысының қызметтері туралы шарт немесе түбіртек, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлерін өткізудің шығындар сметасының негізінде, жергілікті уәкілетті органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісе отырып, пәтер иелері мен жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалпы жиналыста бекіткен және кондоминимум объектісін басқару органының бастығының қолы мен мөрі қойылған, кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге нысаналы жарналардың мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы орган ұсынған пәтерді жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса ұсынылады.
      17. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәілетті орган бланкілер үлгісін (234 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың және істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
      18. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның табысы туралы мәліметті сұраныс негізінде береді.
      19. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      20. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.
      21. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
      22. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасауға құқылы.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      23. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – қызмет қөрсетушілердің немесе кондоминиум объектісін басқару органнын есеп айырысу (ағымды, жинақтау) шоттарына ақшалай қаржы аудару.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркелген нөмірі;
      2) әлеуметтік жеке код;
      3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

7. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыру көздері

      24. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

8. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысын есептеу тәртібі

      25. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында есептелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.
      26. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.
      27. Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды).
      28. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.
      29. Отбасының орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.

9. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлерi

      30. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы түріндегі табыс;
      2) зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдердің басқа да түрлері;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) жиынтық табысты есептегенде ескерілетін басқа да табыс түрлері.
      31. Еңбекақы түрінде алынатын табыс:
      1) еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстеме ақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
      2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбек ақысы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін ақшалай өтемақы;
      3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушінің (жеке тұлға) қызметін тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;
      4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбек ақысы;
      5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезінде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
      6) сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін делдалдық сыйақы;
      7) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегі, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесі үстеме ақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;
      8) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбек ақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық банк белгілеген бағам бойыша ұлттық валютада есептеледі;
      9) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;
      10) шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбек ақысы есепке алынады. Осы жағдайда еңбек ақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
      11) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;
      12) салық басқармасында тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық басқармасымен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
      13) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
      Еңбек ақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      32. Зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
      2) мүгедектікке, асыраушысынан айрылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      3) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, шәкіртақы алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
      6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
      7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
      8) жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен берілетін тұрақты төлемдер;
      9) жүріп-тұрысында қиыншылықтары бар 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу;
      10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
      11) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер;
      12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
      13) бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы;
      14) мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
      Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс және мөлшерi анықтамалармен расталады.
      33. Балаларға және асыраудағыларға төленетін алимент түріндегі табыстар:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбек ақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
      2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
      3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакторийінде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекенжайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиісті органдар растайтын құжатттар қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді;
      4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
      5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
      6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда, ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді;
      7) балаларға және асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбіртегімен, сондай-ақ өндіру туралы сот органдарының шешімі қоса ұсынылып, жазбаша өтініш негізінде расталады.
      34. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
      1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал және құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
      2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы қағиданың 567 қосымшалары негізінде уәкілетті орган есептейді;
      3) жердің бір сотығынан (бір бастан) өндірілетін өнім құны өсірілетін дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) орташа өнімділігін 5 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
      4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығынан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
      5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      6) табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының деректері негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен ұсынған Қарағанды облысында қалыптасқан өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтік есептеу карточкасы өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға арқылы толтырылады.
      35. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар:
      1) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беру;
      2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сату;
      3) жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға беру, мұраға алу түрінде;
      4) салымдар және борыштық құнды қағаздарды есепке ала отырып, лоторея, ұтыс бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
      5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
      6) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
      7) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлінеді және оның сәйкес бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа енгізіледі;
      8) басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады.
      Көрсетілген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынбайтын табыс түрлері

      36. Жиынтық табысты есептеу кезінде келесідей табыс түрлері есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) бала тууына байланысты жәрдемақы;
      4) мемлекет бастамасымен (мерекелерге және мерейтойларға қарсы) көрсетілетін көмек;
      5) жеке ісін ашуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      6) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      7) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      8) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды асырау;
      10) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүрү құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: емдік препараттар, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу), қозғалыс құралдары (кресло-арба) және мүгедектерге берілетін оңалтудың өзге де құралдары, оқу кезінде оқушыларға берілетін тегін ас түрінде көрсетілетін көмектің заттай түрлері;
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      14) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдер;
      15) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік жолақы билетінің құны түрінде берілетін әлеуметтік көмек;
      16) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы.

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда,________адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстау, кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға уәкілетті органға өз рұқсатымызды береміз.
      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергені үшін өтініш иесі бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылатыны, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар еріккті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылатын жөнінде ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жаупкершілік туралы ескертілдім.
      Өтініш берушінің деректері:
      Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
      Жеке куәлік деректері___________________________ берілген
      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)
      СТН_________________________________________________
      ӘЖК_________________________________________________
      Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері___________________________________
      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
      Тұрғылықты жері_________________ ______________ көшесі
      _____ үй _______ пәтер телефон___________________
      тиістілік_______________________ түрі _________________________
      (пәтер иелері кооперативі)              (жеке, мемлекеттік)
      Жалпы ауданы ______шаршы метр.
      Қосымша аудан _____ шаршы метр.
      Бөлме саны________
      Әлеуметтік мәртебе_______________отбасылық жағдай ____________
      Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

      Меншігімде бір тұрғын үй бар.
      Өтініш берушінің қолы__________________
      Күні __________________________________

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

      Азамат (ша) _____________________________________________

      оның: ___________ көшесі (шағынаудан) ________ үй ______ пәтер __________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.

      Отбасы құрамы __________________ адам.

      Тұратын алаңы __________ шаршы метр.

      Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ ___________

____________________________________________________

      Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады

















































      Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды

Маманның қолы ______________________
Қабылдау мерзімі _____________________

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      Өтініш берушінің қолы __________________

      Күні ______________________________

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

20 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары анықтама

      Төлеуші ______________________________________________________
                       (пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.

      Бөлме саны _________________

      Үйдің жалпы сипаттамасы _______________________________________
              (жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)

Төлем түрлері

Қызмет саны

Жеке шоттың нөмірі

1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



2. Жылыту жүйесі



3. Ыстық су



4. Суық су



5. Кәріз



6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету



7. Газ



8. Қоқыс шығару



9. Телефонға абоненттік төлем



      Маманның қолы _____________________________

      Қабылданған күні ____________________________

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуiк бақтары






Сүйектi жемiс бақтары






Жидек дақылдары






Жүзім






Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер (ет/жүн)






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
6 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс
есебiнiң үлгі жеке нормативтік
карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________

облыс, аудан _____________________үйiнiң мекенжайы ____________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





20__ж. "__"_________

Т.А.Ә. ___________________________

_______________________________________
(Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
32 сессиясының N 7 шешіміне
1 қосымша

Бұқар жырау аудандық мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдер тізбесі

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының ""Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын" бекіту туралы" N 4 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-23 болып енгізілген, аудандық "Сарыарқа" газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы N 31, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 32 сандарында жарияланған).
      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 шілдедегі 41 сессиясының "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 5 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-44 болып енгізілген, аудандық "Сарыарқа" газетінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 34 санында жарияланған).
      3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы 4 сессиясының "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 7 шешімі(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-53 болып енгізілген, аудандық "Сарыарқа" газетінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 17 санында жарияланған).
      4. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-57 болып енгізілген, аудандық "Сарыарқа" газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған).
      5. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі 17 сессиясының "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді коса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 5 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-80 болып енгізілген, аудандық "Сарыарқа" газетінің 2009 жылғы 5 қыркүйектегі N 35 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады