Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 501 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қаңтарда N 8-12-50 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009.08.28 N 270 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау үшін және тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жанаарқа ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Төлеуұлы Далбаевқа, Атасу кентінің әкімі Рахым Түсіпұлы Түсіповке:
      - Жаңаарқа ауданы аумағында және Атасу кентінде аудио, аудтокөрнекті шығармалардың, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сатуға уәкілетті органнан алған арнайы лицензиясы бар сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылатынына қадағалау жүргізу.
      2. Жоғарыда көрсетілген заңнамалар негізінде жұмыс жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бейбіт Байбосынұлы Қасеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аудандық кәсіпкерлік бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Далбаев
      19.12.2008 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аудандық әділет бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р. Топарова
      (келісімі бойынша)
      19.12.2008 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атасу кентінің әкімі                       Р. Түсіпов
      19.12.2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады