Қарқаралы қаласындағы "Еркетай" балабақшасы орналасқан көшеге Ақжан Машановтың есімін беру туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 05 қарашадағы N 265 қаулысы және Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2008 жылғы 04 ақпандағы N 5/62 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 наурызда N 8-13-45 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылдың 30 мамырындағы N 12/16 қаулысымен бекітілген "Қарағанды облысы аумағындағы елді мекенінің құрамдас бірліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен ғимараттарға реттік нөмерлер беру талаптарын белгілеу ережесіне" (Қарағанды облыстық әділет департаментінде 2007 жылдың 10 шілдесінде мемлекеттік тіркеуден өткен N 1831) сәйкес, сондай-ақ аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылдың 27 тамызындағы ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық Мәслихаттың бесінші сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      Қарқаралы қаласындағы "Еркетай" балабақшасы орналасқан көшеге Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың есімі берілсін.
      1. Қарқаралы қаласының әкімі Н. Ламбеков "Еркетай" балабақшасы орналасқан көшеге Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың есімін беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

      Сессия төрағасы                            Р. Смағұлов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  О. Жүкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады