Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 02 қыркүйектегі N 79 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қыркүйекте N 8-15-92 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы N 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.11.2013 N 236 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік төлемдердің соммалары төменде аталған аудан азаматтардың санаттарына тағайындап және алушының қалаған банктік операцияларының түрімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы аударсын:
      1) зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - ЗТМО) ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге Жеңіс күніне (9-мамыр);
      2) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға ерен еңбегі мен тылдағы әскери міндетті атқарғандары үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған тұлғаларға Жеңіс күніне (9-мамыр);
      3) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Отан соғысының мүгедектер жеңілдігіне теңестірілген тұлғаларға;
      4) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Отан соғысының мүгедектеріне және Ауған соғысында қайтыс болғандар отбасына ай сайынғы коммуналдық төлеміне;
      5) жасы 70-тен асқан зейнеткерлерге Қарттар күні ЗТМО ұсынған тізім негізінде (1–қазан күні);
      6) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Балалар күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      7) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Мүгедектер күніне 1, 2 топтағы мүгедектерге (қазан айының әрбір екінші жексенбісі);
      8) табысы кедейшілік деңгейінен төмен ауданның аз қамтылған әлеуметтік қорғалмаған азаматтарына:
      ауыр материалдық жағдайға байланысты;
      аурудың ауыр түріне шалдыққанда;
      құжаттауға;
      апатты жағдайларды жоюға;
      авария жағдайдағы тұрғын үйді жөндеуге;
      қайтыс болуға байланысты;
      9) тұлғаларға, туберкулезбен ауыратын науқастың стационарда емделу кезеңіне және емделу мекемесіне баруына және қайтуына;
      10) ЗТМО ұсынған тізім негізінде Жауынгер–интернационалистер күніне (ауған) басқа мемлекет аймақтырында жауынгерлік әрекетке қатысқандарға;
      11) Азық–түлік және қуат көздері өнімдері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек келесі азаматтарға көрсетіледі:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі бойынша, отбасының әр мүшесіне;
      жас мөлшері бойынша ең төменгі зейнетақы алатын жалғызбасты зейнеткерлерге;
      жалғызбасты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (мүгедектік, асыраушысынан айрылғандар);
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы көп балалы отбасыларға, алушылардың тізімі бойынша ай сайын әр балаға.
      2. Әлеуметтік көмектің көлемі және төлем тәртібі әр нақты жағдайда азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау аудандық комиссияның шешімімен беріледі.
      3. "Осакаров ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін көмекте мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бағдарламасына аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаражат бөлсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, хатшы                     Қ. Саққұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады