Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 23.07.2018 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабындағы 2 тармағын басшылыққа ала отырып және Ұлытау аудандық салық басқармасының ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Төмендегі салық салу объектілеріне жиынтық салық ставкалары бір айға мына көлемде бекітілсін:
N реті | Салық салу объектілерінің аттары | Жиынтық салық ставкалары (айлық есептік көрсеткіш есебімен 1 айға) |
1 | Бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1,5 |
2 | Бір ойыншыдан жоғары қатынасушылармен ұтыссыз ойын өткізуге арналған ойын автоматы. | 3 |
3 | Ойын өткізуде пайдаланылатын жеке компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы (боулинг, кегелбан) | 5 |
5 | Карт (картинг) | 2 |
6 | Бильярд столы | 3 |
Сессия төрағасы | К. Бекетаев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Т. Сейтжанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Ұлытау ауданының әкімі | Ж.Ә. Дәрібаев |
Ұлытау ауданы бойынша | |
салық басқармасының бастығы: | Ә. Жандарбеков |
Ұлытау ауданының эканомика және | |
бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы: | Ә.С. Түсіпбеков |
Ұлытау ауданының кәсіпкерлік бөлімінің | |
бастығы: | Г. Ауғанова |