Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Есетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сейтжанов |
Ұлытау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 201 шешіміне қосымша |
Ұлытау аудандық мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдері
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 06 мамырдағы ХІХ сессиясының "Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау мен салық салу мақсаты үшін Ұлытау селосы, Жезді кенті аумақтарының аймақтандыру схемаларын" және Ұлытау ауданы ауылдық елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы" № 19-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-13 болып тіркелген, 2006 жылғы 10 маусымдағы "Ұлытау өңірі" № 26 (5550)) газетінде жарияланған).
2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 қаңтардағы ХХІІІ сессиясының "Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау мен салық салу мақсаты үшін Қарсақпай кенті аумағының аймақтандыру схемасын бекіту туралы" № 23-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-21 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 ақпандағы "Ұлытау өңірі" № 6 (5577)) газетінде жарияланған).
3. Ұлытау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы ІХ сессиясының "Жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" № 123 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-38 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 қаңтардағы "Ұлытау өңірі" № 4 (5671)) газетінде жарияланған).
4. Ұлытау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі ХІ сессиясының "Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау мен салық салу мақсаты үшін Жыланды ауылы, Сарлық ауылы аумақтарының аймақтандыру схемаларын бекіту туралы" № 139 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-42 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы "Ұлытау өңірі" № 21-22 (5689)) газетінде жарияланған).
5. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы ХХХІІ сессиясының "Салық салу мақсаттары үшін Ақтас кенті, Шеңбер ауылдық округінің Қорғасын ауылы жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" № 305 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 22 наурыздағы "Ұлытау өңірі" №13 (6036)) газетінде жарияланған).
6. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы ХХХІІ сессиясының "Ұлытау ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 304 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 22 наурызда "Ұлытау өңірі" № 13 (6036)) газетінде жарияланған).