Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2008 жылғы 27 желтоқсандағы N 03 шешімі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 8-16-39 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 4-2/187 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011.04.07 N 4-2/187 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес және Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1992 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2009 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
      2. Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы М. Жарылғаповқа:
      1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
      2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Дәрібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады