Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының N 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 8/115 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қазанда N 8-17-62 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" N 5/72 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде 24.04.2008 жылғы N 8-17-58 болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 8 мамырдағы N 20 (10168) санында жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасында:
      1-тармақ мынандай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар"
      4-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      "әлеуметтік төлем мөлшері әр адамға бір айға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін"
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" деген сөздерден кейін "жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы, аудандық
      Мәслихаттың хатшысы                        Р. Мақсұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады