Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 5/72 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде N 8-17-58 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 қазандағы ІІ-сессиясының "Азық-түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 2/29 (мемлекеттік тіркеу N 8-17-52, 2007 жылғы 23 қарашадағы) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Х. Әбітаева) және аудан әкімінің орынбасары Қ. Тілеубергеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            Б. Түсіпова

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы               Р. Мақсұтов

Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 10 сәуірдегі
V-сессиясының N 5/72
шешімімен бекітілген

Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету
Қағидасы

      Осы Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметік төлем қөрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі "Бюджет кодексіне" сәйкес әзірленді және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау мен төлеудің тәртібін белгілейді.
      1. Азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) Шет ауданында тұрақты тұратын мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
      1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратындарға.
      5) жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008.09.30 N 8/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      2. Әлеуметтік төлемнің қаржыландыру көзі Шет ауданының бюджеті болып табылады.
      3. Әлеуметтік төлем "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бағдарлама әкімшісі болып табылатын "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасында осы мақсатқа көзделеген қаражаттар шегінде жүзеге асырылсын.
      4. әлеуметтік төлем мөлшері әр адамға бір айға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008.09.30 N 8/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      5. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын әлеуметтік төлем алушылар тізімін мына негізде қалыптастырады.
      1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2) жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар – мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесі тоқсанына бір рет ұсынған тізім бойынша:
      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар - аудандық медицина бірлестігінің тоқсанына бір рет ұсынған тізімі бойынша.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008.09.30 N 8/115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.04.15 N 22/244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      6. Әлеуметтік төлем көрсету үшін осы Қағиданың 5.2 - 5.4 тармағында аталған мекемелер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тоқсан сайын мәліметтерді ұсынады (электронды және қағаз жеткізушілерде).
      7. Әлеуметтік төлем ақшалай қаражат түрінде екінші деңгейдегі банктер бөлімшелеріне алушылардың жеке шоттарына аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады