"Қызылорда облысының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін белгілеу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 300 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 51 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 ақпанда N 4200 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі N 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 25.04.2013 N 103 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 300-бабына және 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-бабының 5-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін белгілеу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 300 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4160 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2006 жылғы 22 шілдедегі N 150-151 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешімдегі "облысындағы" деген сөз "облысының елді мекендеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;  
      аталған шешімнің қосымшасында: "облысындағы" деген сөз "облысының елді мекендеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;  
      Ереженің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  
      "Осы ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді";  
      Ереженің 4-тармағы "тиіс." деген сөзден кейін "(4-қосымша)" деген сөзбен толықтырылсын;  
      Ереженің 7-тармағы "беру;" деген сөзден кейін "(23-қосымшалар)" деген сөзбен толықтырылсын;  
      Ереженің 8-тармағы "жүргізіледі." деген сөзден кейін "(1-қосымша)" деген сөзбен толықтырылсын;  
      Ережеге 1234-қосымшаларда "облысындағы" деген сөз "облысының елді мекендеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                  Ә. Әбдіхалықова

      Қызылорда облыстық  
      мәслихатының хатшысы                      Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады