Қызылорда облысының елді мекендердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 300 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 шілдеде N 4160 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі N 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 25.04.2013 N 103 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

       "Қызылорда облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі" қосымшаға сәйкес белгіленсін. 
      Ескерту. Шешімге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен.

      Облыстық мәслихаттың  
      ХХVІІ сессиясының төрағасы                Н. Қарақожаев 

      Облыстық мәслихат хатшысы                 А. Божанова

2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 300 шешімге қосымша  

       Қызылорда облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен.  

      Осы ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 
      Ескерту. 1-абзац жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен.   
      Ереже жеке және заңды тұлғалардың Қызылорда облысындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді және жауапкершіліктерін белгілейді. 
      Қызылорда облысындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру функцияларын уәкілетті орган жүзеге асырады.

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы ережеде төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) жасыл желектер - табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер; 
      2) көгалдандырылған аумақ - жасыл желек орналасатын жер учаскесі; 
      3) жалпы пайдаланылатын жер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаудағы саябақтар, бульварлар, өзге де нысандар үшін орналасқан және арналған жерлер; 
      4) жасыл алқап - кемінде 50 дана ағашы бар, түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта біртұтас үйлесімді құрайтын көгалдандырылған аумақ; 
      5) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді құруға, сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі; 
      6) санитарлық кесу - шіріген, зақымдалған, қураған, құрғақ бұтақтарды кесу; 
      7) жасыл желектерді қырқу - жасыл желектерге белгілі бір әсемдік беру үшін бұталарды кесу; 
      8) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің, тамырына, діңіне, бұтақтарына, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің, механикалық зақымдануы, тамыр қырыс тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру; 
      9) жасыл желектерді құрту - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің жойылуы; 
      10) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған және жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы 
мен түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба; 
      11) жасыл желектер тізбесі - елді мекендер аумағындағы жасыл желектердің түрі, түрлік құрамы, саны туралы мәліметтер жиыны; 
      12) жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану; 
      13) елді мекен - Қызылорда облысы аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, заңда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бір бөлігі; 
      14) уәкілетті орган - елді мекендердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру үшін Қызылорда облысындағы аудандар мен қала әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген орган.

2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың негізгі принциптері

      2. Елді мекендердің барлық жасыл желектері жеке үй құрылыстары мен саяжайларда өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын жасыл желектер қорын құрайды. 
      3. Елді мекендердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады. 
      4. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтер ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс (4-қосымша). 
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен. 
      5. Жасыл желектер (оның ішінде саябақтар, скверлер, тоғайлар, аллеялар) белгіленген тәртіппен келісілген елді мекендердің дамуының бас жоспарына кірмейтін учаскелерді қоспағанда құрылыс салуға жатпайды. 
      6. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту уәкілетті органдардың келісімімен сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде елді мекендерді көгалдандырудың ұзақ мерзімді кешенді сызбасына сәйкес жүргізіледі.

3. Уәкілетті органның құзыреті 

      7. Уәкілетті органның құзыретіне: 
      1) елді мекендер аумағында жасыл желектерді кесу, қайта отырғызу, пішіндеу, санитарлық кесу үшін рұқсаттар ресімдеу мен беру (23-қосымшалар); 
      Ескерту. 7-тармақ толықтырылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен. 
      2) елді мекендер аумағында жасыл желектерді қалпына келтіру, күту шараларының орындалуын бақылау; 
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде қызметтерін жүзеге асыру кіреді.

4. Жасыл желектерді есепке алу, күтіп ұстау мен қорғау 

      8. Елді мекендер аумағында жасыл желектерді есепке алу мақсатында, есептеу нысанының шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу арқылы жүргізіледі (1-қосымша). 
      Ескерту. 8-тармақ толықтырылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2008.01.29 N 51 шешімімен. 
      9. Есепті жүргізуге жасыл желектердің барлық түрі жатады: ағаштар, бұтақтар, газондар, гүлзарлар. Жасыл желектерді түгендеуді мамандандырылған ұйымдар қолданыстағы тәртіпте желектердің санитарлық және сапалық жағдайын ескере отырып жүргізеді. 
      10. Жасыл желектердің есебін көрсететін құжат дендрожоспар болып табылады. 
      11. Жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі: 
      1) елді мекендер аумағындағы жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасының шынайы мәліметтерін алу; 
      2) елді мекендер аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын анықтау; 
      3) халықты, билік және басқару органдарын жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. 
      12. Жасыл желектерді түгендеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тиісті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізіледі.
      13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау: 
      1) саябақтарды, скверлерді, аллеяларды уәкілетті орган анықтайды; 
      2) арнайы саябақтарға осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі; 
      3) жапсарлас аумақтарда жер учаскелерінің иелеріне жүктеледі; 
      4) ішкі орамдық жасыл желектерді жер пайдаланушы шекарасындағы үй төңірегі аумақтарындағы желектерді күтіп ұстау мен қорғау тұрғын үй қорының меншіккерлеріне жүктеледі. 
      14. Уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде саялы ағаштар көшеттерін отырғызу жолымен (І-ші және ІІ-ші сыныптық сападағы) жүргізіледі. Отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган жасыл желектің қалпына келтіру құнына есеп жүргізеді, оның төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді.
      15. Рұқсатсыз кесу жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында он есе көлемде саялы ағаштар көшеттерін отырғызу жолымен (І-ші және ІІ-ші сыныптық сападағы) жүргізіледі немесе жасыл желектің қалпына келтіру құны анықталады, оның төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді. 
      16. Жасыл желектерді санитарлық кесу, пішіндеу, төтенше жағдайларда кесуде өтемдік құны төленбейді. 
      17. Жасыл желектерді қалпына келтіру мүдделеріне орай кесу жүргізілген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі. 
      18. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді заңды және жеке тұлғалар өз бетінше немесе шарт бойынша арнайы ұйымдар оларды одан әрі күтудің міндетті шарттарын сақтай отырып жүргізе алады. 
      19. Отырғызылған жасыл желек солған жағдайда мүддесіне орай кесу жүргізілген тұлға жасыл желекті қайта отырғызады және одан әрі күтілуін қамтамасыз етеді.

5. Жасыл желектерді кесу және қайта отырғызу 

      20. Жасыл желекті кесу, қайта отырғызу (қысқы тыныштық күйі), пішіндеу, тазалау, санитарлық кесу осы ережеде белгіленген тәртіппен ресімделеді, жер пайдалану құқығын анықтайтын құжаттарды көрсету бойынша уәкілетті органның ресми рұқсатымен ғана жүргізіледі. 
      21. Ереженің күші азаматтардың жеке үй құрылысы үшін пайдаланатын аумақ пен саяжай учаскелеріне қолданылмайды. Жасыл желектерді кесу мен қайта отырғызу рұқсатты ресімдеусіз жалпы табиғат пайдалану тәртібімен олардың өз ұйғарымдары бойынша жүргізеді. 
      22. Жалпы пайдаланатын жерлерде ағаштар мен бұталарды кесуді уәкілетті органның міндетті рұқсатты ресімдеуінен кейін жүргізеді. 
      23. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс жұмысы жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 
      24. Төтенше және авариялық жағдайларда ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен құрылыстың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін жайттарда аталған жасыл желектерді кесу шұғыл ретте жүргізіліп, артынша уәкілетті органға хабарланады. Кесу дерегі куәландыру актісімен айғақталады және жұмыс басталған сәттен бастап 72 сағаттың ішінде жасалуға тиісті. 
      25. Кесілген жасыл желек пен кесілген қалдықтары жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарын толық сақтай отырып, жүргізілуге тиіс. 
      26. Жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін олардың одан әрі күтілуін қамтамасыз етуге міндетті. 
      27. Жасыл желекті кесуге, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс: 
      Заңды тұлғалар үшін: 
      1) уәкілетті органның басшысының атына өтініш; 
      2) нысандар мен жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін бөлген кезде, тиісті орган шешімінің көшірмесі; 
      3) жердің заңдық құжаттамасының көшірмесі; 
      4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін); 
      5) қайта салынған нысандар үшін сәулет және қала құрылысы органның сәулеттік-жоспарламалық техникалық тапсырмасы бойынша қорытынды.
      28. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жеке тұлғаларға жапсарлас жерлердегі жасыл желектерді кесу кезінде: 
      1) уәкілетті органның басшысының атына өтініш; 
      2) нысандар мен жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлген кезде, тиісті орган шешімінің көшірмесі. 
      29. Көгалдандырылған аумақтарға осы ережелермен тыйым салынады: 
      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға; 
      2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға; 
      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға; 
      4) ағаштарға жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға; 
      5) автокөлік құралдарының, құрылыс және өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына; 
      6) автокөлік құралдарын жууға; 
      7) газонға көлік құралдарын қоюға; 
      8) мал жаюға; 
      9) әртүрлі жүктерді, оның, ішінде құрылыс материалдарын үюге; 
      10) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер мен әрекетсіздіктер жасау.

6. Жасыл желектерді қорғау мен күту саласындағы құқық
бұзушылық үшін жауапкершілік

      30. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады. 
      31. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің талаптарын бұзған кезде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қызылорда облысының елді мекендеріндегі
      жасыл желектерді күтіп ұстау мен
      қорғау ережесіне
      1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихаттың 2008.01.29 N 51 шешімімен.

      Жасыл желектерді зерттеу        АКТІСІ

200___ жылғы "____" ____________

Көше ______________________________________________ 
___________________________________________________ 
елді мекен_________________________ 
       
Бiздер, төменде қол қоюшылар, ______________________ уәкiлеттi органның 
___________________________________________________ 
лауазымды тұлғасы (лауазымы, аты-жөні,тегі  органның атауы) 
___________________________________________________ 
___________________________________________________ 
___________________________________________________ 
және тапсырыс берушiнiң өкiлi 
___________________________________________________ 
түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi 
__________________________________________________ 
___________________________________________________ 
___________________________________________________ 
                 Нәтижесiнде анықталды:

N

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Кесуге кететіндері

қайта отырғызу

Сақталатыны

саны

дм

дм

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттансыз

1








2








3








4








5








6








7








8








9








10








         кестенің жалғасы

Сапалық жағдайы (нақты)

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттансыз










         Осы акт _____ дана болып жасалды. 
 
      Ескертпе: Тексеру акті ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.

      Тапсырыс берушiнiң өкiлi алды ________қолы (Аты-жөні, тегі.)

       
      Уәкiлеттi органның  
      лауазымды тұлғасы      қолы         (Аты - жөні, тегі)

Қызылорда облысының елді мекендеріндегі
      жасыл желектердi күтіп ұстау мен
      қорғау ережесіне
      2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихаттың 2008.01.29 N 51 шешімімен.

Жасыл желектердi кесу, қайта отырғызу үшiн        РҰҚСАТ 200__жылғы ____________________ дейiн жарамды

 
      1. Кәсiпорынның аталуы  
      2. Кәсiпорынның басшысы (Аты-жөні, тегі.) 
      3. Алқап 
      4. Орналасқан жерi 
      5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме 
      6. Жер учаскенiң меншiк түрi 
      7. Уәкiлеттi органның зерттеу актiсi 
      8. Ағаш-бұтақ желектерiнiң нақты жағдайы (сапалы, сапасыз) 
      9. Жасыл желек қорының өтемдiк қалпына келтiру бойынша мiндеттеме (кепiлдiк хат)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жай-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда аталған ағаштарды кесудi келiседi, бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi: 
      1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау ережелерiн сақтай отырып, саялы ағаштарды отырғызу жолымен жасыл желектердi өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзуi қажет. 
      2. Жасыл желектердi күту ұстау мен қорғау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзуге тиiс. 
      
      Қосымша: ____________ 
      Ескертпе: ____________

 
      Уәкiлеттi органның  
      басшысы                 қолы      (Аты-жөні, тегі)

Қызылорда облысының елді мекендеріндегі
      жасыл желектердi күтіп ұстау мен
      қорғау ережесiне
      3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихаттың 2008.01.29 N 51 шешімімен.

Жасыл желектердi түзеуге, санитарлық кесуге        РҰҚСАТ        200___жылғы _____________ дейiн жарамды

 
      1. Кәсiпорынның аталуы  (тапсырушы) 
      2. Кәсiпорынның басшысы (аты-жөні, тегі) (тапсырушы) 
      3. Сұрау салынып отырған участоктың қолдану бағыты 
      4. Орналасқан жерi 
      5. Шараларды өткiзуге негiздеме 
      6. Жер учаскенiң меншiк түрi  
      7. Уәкiлеттi органның зерттеу актiсi

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жай-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда аталған ағаштарды түзеуге, санитарлық кесуге,  тазалауға келiседi, бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi: 
      1. Жасыл желектердi күту ұстау мен қорғау бойынша толық кешендi шараларын жүргiзуге тиiс. 
       
      Ескертпе: ____________

       
      Уәкiлеттi органның  
      басшысы                  қолы         (аты-жөні, тегі)

Қызылорда облысының елді мекендеріндегі
      жасыл желектердi күтіп ұстау мен
      қорғау ережесіне
      4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихаттың 2008.01.29 N 51 шешімімен.

_____________________ елді мекеннің  
____жылғы 1 қаңтардағы жасыл желекті екпелерінің ТІЗІЛІМІ

      Жасыл желекті объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсатына қарай бөлу:  
     елді мекен_____________________ 
     әкімшілік аудан: (коды) _____________________ 
     Жауапты иесі:___________________________ 

      Жасыл желекті екпелердің тізілімі

р/с N түгендеу объект паспорты

Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желекті объектілерінің (учаскелерінің)  мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы

Сыныптық коды

Объектілердің (учаскелердің көлемі га, жасыл желекті  екпелердің  көлемі  га/түп (ағаш. бұта)





А

Б

В

1

кестенің жалғасы

Саябақ түріндегі жасыл желектер

Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп

Бұта өсімдіктері

Санау-лы ағаш- тар

Топ- тар, бөлік-тер

Алқап-тарто-ғайлар бақтарга

Аллеялар, қатарлар

Барлы-ғы га/түп

Жалғыз бұта- лар

Жасыл  желек-ті қоршау

Қатар-лап отырғызу

Барлы-ғы га/түп

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Ашық кеңістіктер

Гүлзарлар, га

Көгалдар, га

жылдық

көпжыл- дықтар

ара- лас

кон- тей- нер- лік

барлы-ғы

пәртерлік

кәдім-гі

топы- рақ бетінің қабаты

барлы-ғы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

кестенің жалғасы

Саябақ түрін-дегі өсімдіктер барлығы

Орман, табиғи үлгідегі өсімдіктер


Табиғи және аралас түрлі

сүрекдің

Дақылдар

Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер

20

21

22

23

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады