"Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N 163 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 4216 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысының Әділет Департаментінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 2/5977 хатымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қызылорда облысының Әділет Департаментінің 2009.08.11. N 2/5977 хатымен.

       "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа ензізіледі.

       Әкім                                               Б. Қуандықов

       Қызылорда облысы
әкімдігінің 2008 жылдың
26 қараша N 163 қаулысымен
Бекітілді

      
"Миссионерлік қ ызметпен айналысатын азаматтарды
есептік тіркеуге ( қ айта тіркеуге) қ ою" мемлекеттік
қ ызмет к ө рсетуді ң стандарты

1. Жалпы ережелер      

       1. Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою – бұл Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу. Миссионерлік қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. К ө рсетілетін мемлекеттік қ ызметті ң нысаны:
автоматтандырылма ғ ан.
      3. Мемлекеттік қызмет "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қ аза қ стан Республикасыны ң 1992 жыл ғ ы 15
қ а ң тардағы Заңының 1-1, 4-1, 4-2 баптарына, "Қазақстан Республикасына шетелдіктердің болуын құқықтық реттеудің жеке мәселелері туралы"
Қ аза қ стан Республикасы Ү кіметіні ң 2000 жыл ғ ы 28 қ а ң тарда ғ ы N 136
қаулысына с ә йкес к ө рсетіледі.
      4. Мемлекеттік қ ызмет " Қ ызылорда облысты қ ішкі саясат
бас қ армасы" мемлекеттік мекемесімен (б ұ дан - Бас қ арма)
к ө рсетіледі, пошталы қ мекен-жайы: Қ ызылорда облысы, Қ ызылорда
қ аласы, Ы. Жахаев к ө шесі, 76, N 403 кабинет, веб-сайт: www.kyzylorda.kz , е - mail: Dvp-ko@rambler.ru .
       5. Қызылорда облысының аумағында миссионерлік қызметті
жүзеге асыратын тұлғаның есептік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі
куәлігі мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы)
көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі уақыттың шектелу мерзімі:
      1) тұтынушымен қажетті құжаттар тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 күннен аспауы тиіс;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ   уақыты - 10 минут;
      3) құжаттарды алу кезеңіндегі кезек күтудің ең ұзақ уақыты - 10 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартың сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланады, сондай -ақ www.kyzylorda.kz веб - сайтында орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет күнделікті, сағат 9-00-ден 19-00-ға дейін көрсетіледі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндері - демалыс. Үзіліс 13-00-дан 15-00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Азаматтарды қабылдау бөлмесі қызмет тұтынушыларымен жұмыс жүргізу үшін бейімделген, мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған, тосу және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

       12. Мемлекеттік қызметті көрсетілу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) миссионерлік қызметінің мерзімі және аумағы, қай дінді ұстанатындығы көрсетілген өтініш.
      2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі;
      3) тіркеу туралы куәліктің немесе миссионер оның атынан өкілдік ететін діни бірлестіктің өз елінің заңдарына сәйкес ресми  тіркелгендігін куәландыратын өзге де құжаттың көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің жіберген шақыруы;
      5) миссионерлік қызмет үшін арналған әдебиет, діни мақсаттағы аудио-бейне материалдар және (немесе) өзге де заттар.
      Жоғарыдағы көрсетілген құжаттар ұсынылған кезде тұтынушы төлқұжатын немесе белгіленген тәртіппен тіркелген жеке басын куәландыратын өзге құжатты көрсетеді.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін Басқарманың N 403 кабинетінде берілетін белгіленген формадағы өтініш толтырылады.
      14. Өтініш және осы Стандарттың 12 - тармағындағы тізімде көрсетілген құжаттар Басқарма маманына, N 403 кабинетке тапсырылады.
      15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін осы мемлекеттік қызметті алу мерзімі көрсетілген талонды алады.
      16. Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жеке бару. Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін Басқарманың N 403 кабинетінде алуға болады.
      17. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген тізбедегі  құжаттардың, сондай-ақ есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін ақпараттың  толық және дұрыс көрсетілмеуі мемлекет қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады.

3. Жұмыстың қағидалары

      18. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын қағидалары:
      1) сыпайылылық;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы;
      4) тұтынушының белгіленген мерзім ішінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Өтініш  иелеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің  нәтижесі осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
      20. Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің  сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні арнайы құрылған  жұмыс тобымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

       21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, 403 кабинет, е-mail: Dvp-ko@rambler.ru , мекен-жайы бойынша "Қызылорда облыстық ішкі  саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жүргізіледі.
      22. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Басқарма бастығының атына, N 404 кабинетке, немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға беріледі.
      23. Өтініш берушіге шағымның  қабылданғандығын дәлелдейтін,  жауабы берілетін жері мен мерзімі, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны мен лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

6. Байланыс ақпараты

       24. Мемлекеттік қызмет көрсететін Басқарма басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
      1) Басқарманың бастығы: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, 404 кабинет, телефоны: 8 (7242) 26-24-79, жұмыс кестесі: күн сайын, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, түскі ас мерзімі 13-00-дан 15-00-ге дейін, қабылдау кестесі: күнделікті сағат 15-00-ден сағат 17-00-ге дейін;

      2) Басқарма бастығының орынбасары: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, N 406 кабинет, телефоны: 8 (7242) 27-73-88, жұмыс кестесі: күн сайын сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа сағат 9-00-ден 19-00-ға дейін, түскі ас уақыты: 13-00-дан 15-00-ге дейін, қабылдау кестесі: күнделікті сағат 15-00-ден сағат 17-00-ге дейін.

      3) Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz Веб-сайты., жұмыс кестесі: күн сайын, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа сағат 9-00-ден 19-00-ға дейін, түскі ас мерзімі 13-00-дан 15-00-ге дейін.

      25. Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz Веб-сайты.

Миссионерлік қызметпен
қызметпен айналысатын азаматтарды
есептік тіркеуге
(қайта тіркеуге) қою"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
  қосымша

       Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні     

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
мақсатты
мәні

Көрсеткіштің
есеп беру
жылындағы
ағымдағы
мәні

1. Мерзімділік

1.1. Құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну оқиғаларының %
(үлесі)

95

95

90

1.2. Қызмет алуды кезекте 10 минуттан аспайтын
уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)

85

85

80

2. Сапа

2.1. Қызметті ұсыну
үдерісінің  сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

95

95

90

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың
(жүргізілген
төлемдер, есеп айырысулар және  т.б.) % (үлесі)

100

95

95

3. Қол жетімділік

3.1.   Қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

90

90

88

3.2. Тұтынушы 
құжаттарды дұрыс толтырған және
бірінші реттен
тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

80

82

3.3. Интернет арқылы қол жетімді
қызметтерінің ақпарат
% (үлесі)

50

0,1

0,1

4. Ша ғ ымдану  ү дерісі

4.1. Қызметтің осы
түрі бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0,5

0,1

0,1

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған
және
қанағаттандырылған негізделген 
шағымдардың % (үлесі)

100

0,1

0,1

4.3. Шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне 
қанағаттанатын
тұтынушылардың %
(үлесі)

90

90

90

4.4. Шағымдану 
мерзіміне
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

87

5. Сыпайылық

5.1. Қызметшілердің 
сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың % 
(үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады