Қосшыңырау ауылдық округінің "Абай" ауылының аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 04 желтоқсандағы N 624 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 12 желтоқсанда N 10-1-99 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 28 қазандағы N 03-789 ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосшыңырау ауылдық округінің "Абай" ауылында мүйізді ірі қара, уақ малдар арасынан сарып ауруының шығуына байланысты Қосшыңырау ауылдық округі "Абай" ауылында карантиндік режимді және шектеуді енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қосшыңырау ауылдық округінің "Абай" ауылында карантиндік объектінің таралу ошақтарын залалсыздандыру жөніндегі шектеу іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      3. Қосшыңырау ауылдық округінің әкіміне (С.Дүйсенбаев) "Абай" ауылында қойылған шектеуге байланысты іс-шара жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылсын.
      4. "Қызылорда қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Бисенов, келісім бойынша) ауру мал шыққан ошақтардағы отбасы мүшелерін медициналық тексеруден өткізу және олардың денсаулығын бақылау ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясына (Е.Керуенбаев, келісім бойынша) ауру ошақтарында шектеу іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіпке сай жүргізілуін қадағалау және қала әкімдігіне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беру ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.Төрәлиевке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                     М. Ергешбаев

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 желтоқсандағы
N 624 қаулысымен бекітілген

Қосшыңырау ауылдық округінің "Абай" ауылында карантиндік объектінің таралу ошақтарын залалсыздандыру жөніндегі шектеу іс-шаралар жоспары     

N

Іс шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

Шектеу объектілерін жою жөніндегі ережелері мен шектеу объектілерінің таралу есебін халық арасында ұйымдастырушылық түсінік жұмыстарын жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру

үнемі

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

2

Шектеу іс - шараларын насихаттау:

1) шектеу шараларын жүргізу жөнінде тұрғындарға хабарлау;

2) тұрғындармен әңгіме өткізу және кеңес беру.
Баспасөз және теледидарда материалдар жариялау.

үнемі

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

3

Ауылшаруашылығы өнімдерін залалданған аймақтардан алып шығу кезінде карантиндік қатаң бақылауды қамтамасыз ету тасымалдайтын ыдыстарды, көлік  құралдарын, жүк автомашиналарын залалсыздандыру.

үнемі

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

4

Шектеу объектілермен күрес жұмыстарын жүргізу және жою шараларына оған қажет қызмет жүргізу құралдарымен қамтамасыз ету.

жою іс шараларын жүргізген-ге дейін

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

5

Серологиялық нәтижелерін алғаннан кейін 1 тәулік ішінде оң және күдік берген жануарларды оқшалау. Ауру малдарды қасиетіне өндірістік құндылығына, салмағы мен жасына қарамастан 5 күн ішінде жою.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

6

Күдік келтірген жануарларды 15-20 күннен кейін кешенді серологиялық қайта зерттеу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

7

Шектеу қою арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, енгізуге, сыртқа шығаруға тиым салу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

8

Бұрын ауру жануарлар ұсталған мал қораларына сау малдарды тыңғылықты дезинфекция дератизация жүргізілгеннен кейін рұқсат ету.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

9

Індет ошақта қой мен ешкінің сүтін сауып ішуге, залалсызданбаған қаракөл елтірісін қой ешкі жүнін пайдалануға тиым салу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

10

Бруцеллезден таза емес жануарлар жойылған жерлерден оралған шөпті үш ай бойы сақтау.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

11

Шектеу қойылған объектіде жою шараларын жүргізу:

1) сарыппен ауырған малдарды арнайы дайындалған орындарда
барлық ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып
жою;

2) ауру мал тұрған қораларына дезинфекциялық жұмыстарын
жүргізу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

12

Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды қабылдау тасымалдау және олардан алынған шикізаттарды өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғаларға, аяғы ауыр әйелдерге қатысуға тиым салу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

13

Аурудан таза емес пункттегі сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу мекемелеріне апаруға базарларда, сауда, асхана жүйесінде пайдалануға тиым салу.

тұрақты

"ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "ҚМСЭҚБ" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі.

      Ескерту:
      ҚР АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.
       ҚМСЭБҚ - Қызылорда қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады