Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2011.11.11 N 49/3 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1 тармағын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Салық кодексінің 378, 379, 381 және 383 баптарына сәйкес Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде жоғарылатып бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті жиырма үшінші сессиясының N 23/5 "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық ставкаларын бекіту туралы" және 2008 жылғы 18 маусымдағы кезекті сегізінші сессиясының N 8/6 "Қызылорда
қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық
мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімдері жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезекті
он үшінші сессиясының төрағасы Ж.Нұрымбетов
Қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев