Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 06.03.2013 N 22 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына
және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836
қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы, жұмыс түрлері;
2) жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы;
4) кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру қағидасы;
5) оқушы жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қамтуды ұйымдастыру қағидасы;
6) қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі бекітілсін.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын
қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;
2) осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-на Қызылорда қаласының әкімдігіне және
"Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ақпарат берсін.
3. "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда
қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 2778 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-1-48 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 2 ақпанда N 7 "Ақмешіт
Ақшамы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру
ҚАҒИДАСЫ
Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.01 N 2407 қаулысымен.
Осы ереже 2007 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен
қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
мақсатында жергілікті атқарушы органдары ұйымдастыратын, әдеттегіден жұмыскердің алды ала кәсіби даярлығын қажет етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен орындалатын еңбек қызметінің түрлері
қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
2. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу олардың келісімімен жасалады.
3. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 ай.
4. Қоғамдық жұмыстар мынадай негізі түрлері бойынша
ұйымдастырылады:
1) коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне қала, елді мекендер айналасын тазартуға көмектесу;
2) су құбырын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар салу;
3) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік мәдени объектілерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу;
4) тарихи-сәулеттік ескерткіштерімен кешендерді қалпына келтіру, археологиялық жұмыстар;
5) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын айналаны
көгалдандыру мен көркейту, орман шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту;
6) көктемгі дала, егін жинау жұмысын өткізу кезінде ауылдық округтерде жерде паспорттау;
7) Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарын (қоғамдық пікірді сұрау, әртүрлі санақтар) өткізуге қатысу;
8) қарулы күштер қатарына шақыруын өткізуге қатысу;
9) ортақ қаржыландыру шарты негізінде қосалқы шаруашылығы бар ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру кезеңінде дала жұмыстарын өткізу, мал бордақылау, мал төлін өсіру, мал бағу мен қорғау;
10) атаулы әлеуметтік көмек алуға ұсыныс берген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына көмек көрсету;
11) қалаларда, елді мекендерде құқықтық тәртіп сақтауға көмектесу;
12) қайта есептеу кезінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдарға көмектесу және халықтың мақсатты топтарына (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттар ресімдеу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету;
13) мұрағат мекемелеріне, кітапханаларға көмектесу кітаптарды,
құжаттаманы түптеу, кітаптарды қайта қалпына келтіру;
14) жергілікті бюджет есебінен жасалатын тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй қорын қайта жаңғыртуға қатысу, ол жұмыстар үшін қажетті қосалқы материалдар (құрылыс тастар, қиыршық тастар, плиталар, құм) дайындау;
15) әлеуметтік қызметтер көрсету (балалардың спорт және ойын алаңдарын салу, каникул кезінде, жергілікті бюджет есебінен
қаржыландыратын сауықтыру лагерінде балалардың демалуын қамтамасыз ету);
16) подъездерді тиісті санитарлық жағдайда ұстау (тазалау, ұсақ жөндеу жұмыстары), күндізгі уақытта подъездерді бөгде азаматтардан күзету (меншік түріне қарамастан барлық тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарда эксперимент ретінде);
17) қала халқынан түскен арыз шағымдарға сәйкес, тұрмыс
жағдайларын зерттеуге көмектесу, мүлікті жария ету бойынша түгендеу және тіркеу жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
18) жаңа туған балалардың, қайтыс болған азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету;
19) әкімшілік жазаға сотталғандардың есебін жүргізуге көмектесу;
20) арнаулы мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге көмектесу;
21) аула клубтарының жұмыстарына және арнаулы есепте тұрған
жасөспірімдерімен атқарылатын жұмыстарға көмектесу;
22) мектептерде қосымша сабақтар, тәрбие, үйірме жұмыстарын
ұйымдастыруға жәрдемдесу.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың шарттары
5. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жұмыс тізбесі толықтырылуы мүмкін.
6. Жүргізілетін жұмыстардың аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалы болуы тиіс, қоғамдық қосымша критерийге сәйкес келіп аймақтық инфрақұрылымға үлес қосуы тиіс.
Ұйымдардың штаттық қызметкерлерін жұмыстан шектеуге және
ауыстыруға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда қоғамдық жұмыс есебінен штаттан тыс қызметкерлерді ұстауға жол берілмейді.
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі.
Аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалы;
Арнаулы білімі жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына
мүмкіндік беріледі.
7. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді, еңбек шарттың орындалуын бақылауды, қоғамдық жұмыстағылардың есебін статистикалық есепті жүргізуді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
8. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдарда
ұйымдастырады және олар жергілікті бюджеттердің қаражатынан
қаржыландырылады.
8.1 Жергілікті жерде қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, олардың
түрлері мен көлемі туралы шешімді аймақтық жұмыспен қамту
бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, онда:
1) қоғамдық жұмысқа сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі және
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты шарттары бекітіледі.
8.2 Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен сол ұйымдарға жоспарланған қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлеміне еңбек шартқа отырады. Жекелеген жағдайларда сол аумақтарға әлеуметтік маңызды жұмыстар орындау үшін еңбек шарттар ауылдық (поселкелік) округ әкімдерімен жасалуы мүмкін, ондай жағдайда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмыс берушілердің барлық міндеттері соларға жүктеледі.
8.3 Қоғамдық жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар
шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған
жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды,
атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
4. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес қоғамдық жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс. Ұйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
көрсетіп ескертуі тиіс.
3. Қоғамдық жұмыстарды атқарып жатқан жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі
5. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін еңбекақы төлеу жеке еңбек шарты негізінде, орындалған жұмыстың көлемі, сапасы мен күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі. Еңбекақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі айлық жалақысынан кем болмау керек.
6. Атқарылған қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.06.2001 жылғы N 836 қаулысында көрсетілген үлгілік шартқа сәйкес уәкілетті орган мен жұмыс беруші, жұмыс беруші мен жұмыссыз және уәкілетті орган мен жұмыссыздың арасында еңбек шарт жасалу жолымен жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
7. Жұмыс берушілер мен қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздың арасында еңбек заңдылықтарға сәйкес жеке еңбек шарты жасалынады.
8. Жергілікті бюджеттер қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аймақтар бойынша берген тапсырыстары негізінде қаржыландыруға қаражат бөледі.
9. Ұйым әкімшілігімен келісім бойынша жұмыс іздестіру мен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бару үшін аптасына 2 сағаттан артық емес уақыт төленетін уақытқа қосылады.
10. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексімен қамтылады.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен жіберілген жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
ұйымдастыру мен қаржыландыру
Қ А Ғ И Д А С Ы
Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.01 N 2407 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау ( бұдан әрі "кәсіби оқыту"), еңбек нарығында олардың бәсекелестігін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік қорғаудың белсенді іс-әрекеттері болып табылады.
2. Жұмыссыздарға кәсіби білім беру еңбек нарығының қажеттілігін ескеріп, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында немесе білім беру қызметіне құқы бар басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша іске асыралады.
Жұмыссыздарға кәсіби білім беруді ұйымдастыруға мемлекеттік тапсырыс беруші қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, төлеуші қалалық қаржы бөлімі болып табылады.
3. Жұмыссыздардың кәсіптік дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін ұйымдарды тандаған кезде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мыналарды ескереді:
1) білім беру ұйымдарымен қызметтерін мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асыратыны;
2) жұмыс берушінің жұмыс күшіне, сонымен қатар жұмыссыздардың кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау сапасына қоятын талаптарына сәйкестілігіне;
3) өндірістік практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
4) білім беру қызметіне лицензиясының болуы;
4. Кәсіби оқытудан өтуге халықтың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыздардың құқы бар.
4.1 Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу екі бағытта жүргізіледі:
1) білім алғаннан кейін жұмыспен қамтамасыз етуді міндетіне алған жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша жұмыссыздарды дайындау;
2) жұмыссыздардың тілегін және жергілікті атқарушы органдардың ұсынысын ескеріп, кәсіпкерлікті, өз бетінше жұмыспен қамтылуды мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлауда бизнес негізіне үйретуді жүзеге асыру.
4.2 Жұмыссыздарды кәсіби даярлау,біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұзақтығы оқу бағдарламасына сәйкес белгіленеді және:
1) жұмыссызды алғашқы кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу-алты айдан;
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру-үш айдан аспауы тиіс.
7. Жұмыссыздардың кәсіби оқытудан өту кезеңінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қарама-қарсы тексерулер жүргізеді, олар актілерімен расталады.
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және
қайта даярлауға жұмсалатын шығындар
8. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша республикалық жергілікті бюджеттен қаржы көлеміне сәйкес қаржыландырылады.
9. Кәсіби оқытуға төлем күнтізбелік жыл ішінде жұмыссыздарға кәсіби білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсын ұтып алған тапсырыста көрсетілген күн бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру мекемелеріне төлем атқарылған қызмет көлеміне сәйкес жүргізіледі.
Кәсіби оқыту мерзімінің аяғына дейін жұмыссыздар оқудан шығарылса, білім ұйымдарына төлем атқарылған қызмет көлеміне ғана төленеді.
Егер білім алушы білімі, қабілеті мен дағдысы жетіспеушілігінен, оқу бағдарламасында белгіленген кәсіптік емтихандарды тапсыра алмаса, онымен қосымша сабақтар өткізу білім беру ұйымының есебінен жүргізіледі. Жатақханада күнтізбелік жыл ішінде тұру үшін төлем, кәсіби оқытуға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға конкурсты ұтып алған тапсырыста көрсетілген құн бойынша жүргізіледі.
Егер білім беру ұйымының басқа қалалардан келген білім алушыларды, олардың арыздары негізінде жатақханаға орналастыруға мүмкіндегі болмаса, ұйым оларды жатақхана төлемінен аспайтын төлем бойынша басқа жалға алынған тұрғын үйлерге орналастыру мәселесін шешеді.
Мұндай жағдайда, тұрғаны үшін төлем есеп шотымен бірге тұрғын жайларды жалға алу еңбек шарттардың көшірмелері қоса беріледі.
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру
және қайта даярлау құжаттары мен қаржыландыруын рәсімдеу
10. Конкурсты жеңіп алған Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтер көрсетуге арналған еңбек шарт жасалады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржының мақсатты пайдаланылуына толық жауап береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі түскен сұранысқа, бекітілген сметаға және үш жақты еңбек шартқа сәйкес оқу орнына есеп шотына қаражат аударады. Бұл еңбек шарт, оның қазынашылықтың аймақтық бөлімшесінде тіркелгенінен кейін күшіне енеді.
11. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту еңбек шарт негізінде жүзеге асырылады. еңбек шарт үш данада жасалады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде оқу орындары бойынша кәсіби, мамандығы және оқу басталатын күні бойынша жинақталған барлық оқушыларға құжаттар жиынтығы қалыптастырылады. Құжаттар жиынтығына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы бекіткен жұмыссыздарды кәсіби оқытудың шығындар сметасы, жұмыссызбен бен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасындағы оқуға жолдау жөніндегі еңбек шарт, оқуға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, жатақханада немесе жалға алынған тұрғын үй жайларында тұратын басқа жақтан келген жұмыссыздардың тізімі және емтихан комиссиясының хаттамасы кіреді.
12. Қаладан тыс жерден келген оқушылардың тұрағы және жұмыссыздарды кәсіби оқыту бойынша көрсетілген қызметтеріне төлем білім ұйымдарының арнайы шоттарына қазынашылықтың аймақтық бөлімшелері арқылы ай сайын қаражат аударылып тұрады.
13. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысына білім беру ұйымдарының шотына, жасалған еңбек шарттар, жатақханада немесе жалға сабақтарға қатысу табельдері негізінде жоғарыда аталған барлық позициялар бойынша сомалар енгізіледі. Оқушылармен және білім ұйымдарымен қорытынды есеп айырысу біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасы болғанда жасалады.
4. Бақылау және есеп беру
14. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі білім беру мекемелерінің кәсіби оқыту мерзімдерін және конкурс талаптарын сақтауына бақылау жасайды.
15. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіби даярлауды, кәсіби біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыруда;
1) кәсіби даярлауға, кәсіби біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға қолданған жұмыссыздар есебін жүргізуді жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.01 N 2407 қаулысымен.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың
Қ А Ғ И Д А С Ы 1. Жалпы ережелер
1. Бұл ереже халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесі мен басты шарттары реттейді.
2. Бұл ережеде пайдаланған негізгі түсініктер:
1) әлеуметтік жұмыс орындары – халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары;
2) мақсатты топтар – "Халықты жұмыспен қамту" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болған және әлеуметтік қорғауға зәру адамдар топтары.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
6. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөніндегі жұмыс берушімен еңбек шарт жасайды.
7. Жұмыс берушінің өз ақшасынан емес тиісті бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төлеуді қаржыландыратын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізімге кірмейді.
8. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалған еңбек шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің жеке еңбек еңбек шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделігіне қарай ай сайын жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту уәкілетті органы мен жұмыссыз арасындағы еңбек шартқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты нақты орындалған көлемге төленеді.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыстарға белгіленген ең төменгі еңбек ақының 50 пайызға көлемінде және жұмыс берушінің өз қаржысы есебінен (ең төменгі еңбек ақының 50 пайыз және одан да көп) жүзеге асырылады. Жалпы еңбек ақы көлемі Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет Заңымен бекітілген ең төменгі жалақы көлемінен кем болмау керек.
4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
тәртібіне бақылау жасау
13. Әлеуметтік жұмыста іске асыратын ұйым жасаған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемі есепке алады және тіркейді, жұмыс беруші ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
14. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуы тиіс.
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша заң органдарымен жүзеге асырылады.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру
Қ А Ғ И Д А С Ы
Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.01 N 2407 қаулысымен.
Осы Ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін еңбек тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай-жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай-жұмыс беруші)
4. Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне асыру Қызылорда қалалық бюджетінен қаржыландырылады.
5. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
1) жұмыссыз азаматтардың саны- кәсіби оқу орындарын бітірушілердің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы.
2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастардың санының өсуі.
3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін, кәсіби оқу орындарын бітірушілердің біліктілігінің, еңбек өтілінің болмауы.
8. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
9. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
10. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
1) үміткерлердің, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз есебінде тіркелуі.
2) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы.
3) жасы 24-ке толғанға дейінгі азаматтар.
11. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
12. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен 1-қосымшадағы көрсетілген үлгідегі еңбек шартты жасайды. еңбек шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда- қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Еңбек шарт алты айға жасалынады,ең төменгі мерзімі 3 ай.
13. Осы еңбек шарт негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен, жұмыс берушіге 2-ші қосымшаға сәйкес жолдама беріледі.
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігін уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
15. Жастар тәжірибесіне қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек шарт жасап, жұмысқа қабылдағаны жөнінде бұйрық береді.
16. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған жеке еңбек шартты немесе жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.
3. Тараптардың құқығы мен міндеті:
17. Егер жеке еңбек еңбек шартының міндеттерінің орындалуы бұзылған жағдайда жастар тәжірибесі жағының ұсынысымен жеке еңбек еңбек шарты Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұзылады. Осы еңбек шарт бұзылған үш күн ішінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне еңбек шарттың бұзылғаны жөнінде хабар береді.
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен еңбек шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуына болады, егер жастар тәжірибесіне қатысушының құқығы мен міндетіне нұқсан келген жағдайда.
19. Жеке еңбек шарттың уақыты біткен жағдайда, жұмыс беруші қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
20. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны еңбек шарттың уақытының бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылданады. Жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.
21. Еңбек шарттың уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
22. жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.
4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру
23. Жастар тәжірибесін өткізу жергілікті бюджеттен "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
24. Жұмыс орнына мамандығы бойынша рұқсат беруге қосымша кәсіби даярлау "Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа оқыту" бағдарламасы арқылы төленеді.
25. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысының төлеу жеке еңбек еңбек шартына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы (3-қосымша бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген ең төменгі жалақы көлемінде төленеді.
26. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
27. Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен атқарған жұмысының көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты қосымша еңбекақыны Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақы көлемінен кем емес мөлшерде төлей алады.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Оқушы жұмыссыз жастарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Қ А Ғ И Д А С Ы
Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.01 N 2407 қаулысымен.
Осы Ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес әзірленді
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушы жалпы білім беру, кәсіби мектеп оқушыларының және күндізгі орта, жоғарғы оқу орындарының студенттерін уақытша жұмыспен қамтуды, қосымша табыс табуға жағдай жасауға бағытталған және жасы 16-ға толған, одан да үлкен ( әрі қарай- оқушылар) Қызылорда қаласының жастары қамтылады.
2. Қоғамдық жұмыстар болып, әдеттегіден жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын қажет етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар, уақытша жұмыс орнымен оқушы жастарды оқу уақытынан тыс уақытта қамту.
3. Оқушы жастарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтуды меншік түріне қарамастан, барлық қала мекемелері мен кәсіпорындарында ұйымдастырылады.
4. Оқушы жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау, оларды есепке алу, тіркеу қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
5. Оқушы жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінетін қаржы Қызылорда қаласының бюджетінен "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" бағдарламасынан төленеді.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шарттары
6. Оқушы жастарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың басым бағыттарын анықтау үшін:
1) еңбек нарығына талдау жасау
2) қоғамдық жұмысқа қатысушыларға сұраныс пен ұсынысты анықтау
3) қала кәсіпорындары мен мекемелерінің оқушы жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі жөніндегі мәліметтер жинау
7. Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыру мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысушы мекемелер мен кәсіпорындар және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында еңбек шарт жасалынады.
3. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға жолдау
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оқушы жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздық есебіне тіркелген уақыттың ретіне қарай қамтиды. Басым бағытта ақылы қоғамдық жұмысқа 21 жасқа дейінгі оқушы жастар жіберіледі.
9. Кәсіпорындар мен мекемелердің және қоғамдық жұмысқа қатысушы оқушы жастар арасында Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек еңбек шарттары жасалынады.
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы оқушы жастардың еңбекақысын
төлеу.
10. Қоғамдық жұмысқа қатысушы оқушы жастарға еңбекақы төлеу қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінде атқарған жұмыс уақытына төленеді.
11. Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен атқарған жұмысының көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты қосымша еңбекақыны Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақы көлемінен кем емес мөлшерде төлей алады.
12. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға есептелген еңбекақысынан заңнамаларға сәйкес барлық салық түрлері ұсталады.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы
26 желтоқсандағы N 848
қаулысымен бекітілген
Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын мекемелер тізім
1. ЖШС "Спецавтотранс"
2. ЖШС "Ирригация"
3. МКК "Қызылорда қызмет көрсету"
4. МКК "Қызылорда жылуэлектроорталығы" МКК
5. МКК "Тұрғын үй қызметі"
6. МКК "Көркейту"
7. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті
8. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы
9. Облыстық салық комитеті
10. Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
11. Облыстық мүгедектер қоғамы
12. Қалалық мүгедектер қоғамы
13. Облыстық ардагерлер кеңесі
14. Қалалық ардагерлер кеңесі
15. Облыстық соқырлар қоғамы
16. Ардагерлер үйі
17. Қызылорда қалалық мәслихат
18. "Сырдария" балаларды сауықтыру лагері
19. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
20. Қалалық сот
21. Қызылорда қалалық әділет басқармасы
22. Облыстық сот әкімшілігі
23. Көші-қон басқармасы
24. Облыстық монополияға қарсы комитеті
25. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
26. ЖШС "Сыр бойы орманы"
27. Қызылорда өртке қарсы қызмет басқармасы
28. Қалалық мектептер
29. Облыстық ішкі істер департаменті
30. Ауған соғысының мүгедектер ардагерлер одағы
31. Облыстық зейнетақы төлеу орталығы
32. Қалалық қаржы бөлімі
33. Қалалық мұрағат бөлімі
34. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі
35. Қалалық құрылыс бөлімі
36. Қызылорда қала әкімінің аппараты
37. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі
38. Қалалық ауылшаруашылық бөлімі
39. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы
40. Қалалық ішкі істер бөлімі
41. Тасбөгет аудандық ішкі істер бөлімі
42. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі
43. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
44. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
45. N 1, 2, 3, 4, 5, 6 қалалық емханалар
46. Қалалық әлеуметтік экономикалық даму қоры
47. Қызылорда облысы бойынша статистика басқармасы
48. Тасбөгет кент әкімшілігі
49. Қызылжарма ауылдық округі
50. Ақжарма ауылдық округі
51. Ақсуат ауылдық окрігі
52. Қосшыңырау ауылдық округі
53. Белкөл кент әкімшілігі
54. Қызылөзек ауылдық округі
55. Қарауылтөбе ауылдық округі
56. Талсуат ауылдық округі
57. N 31 балабақша
58. N 50 балабақша
59. Қалалық білім бөлімі
60. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі
61. Қалалық жер қатынастар бөлімі
62. Қалалық ішкі саясат бөлімі
63. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі
64. ЖШС "Рустем-21"
65. ЖШС "Эко сервис"
66. ЖШС "Қызылорда Пауэр"
67. ЖШС "Пристань"
68. ЖШС "Тазалық-Сервис Тасбөгет"
69. ЖШС "Барша-К"
70. ЖШС "Ритуальные услуги"
71. ЖШС "Қызылорда Тазалық-Сервис"
72. ЖШС "Боз-Тор компания ЛТД"
73. ЖШС "Дуйсеман әжі"
74. ЖШС "Ақмешіт Сарқырама"
75. ЖШС "Бабас"
76. "Лотос КZ" жастар қоғамдық бірлестігі
77. ЖШС "Сұлтан Ата"
78. ЖШС "Евразия пресс"
79. АҚ "Темиржол ауруханасы"
80. Қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы
81. Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамы
82. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
83. Пәтер иелері кооперативі
84. ЖШС "Айданақ"
85. Басқа да қала мекемелері мен ұйымдары және қала аумағының санитарлық тазалығымен, көркейту, көгалдандыру жұмыстармен айналысатын мекемелер.
Ескерту:
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚ – Акционерлік қоғам
МКК - Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын