"Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 01 ақпандағы N 2407 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 ақпанда N 10-1-128 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 01 шілдедегі N 513 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 01.07.2013 N 513 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қызылорда қаласының Әділет басқармасының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 7 ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-107 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетіне 2009 жылғы 30 қаңтарда N 6-7(600-601) сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен жіберілген жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың, кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру, оқушы жұмыссыз жастарды қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларындағы:
      "жеке еңбек келісім шарты", "жеке келісім шарт", "келісім шарты" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                               М. Ергешбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады