Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010.02.17 N 8 қаулысымен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды Арал аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2008 жылғы 28 қазандағы N 556 санды ұсынысына сәйкес адам мен жануарларды сарып ауруынан қорғау және аурудың алдын алу мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарып ауруының індетті ошағын жою және сауықтыру мақсатында
Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қойылсын.
2. Қарақұм ауылдық округінің әкіміне (Б.Шәненов) шектеуге байланысты Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың толық, өз мәнінде жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Арал аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. Әбішевтен (келісімі бойынша) шектеуге байланысты атқарылатын ветеринариялық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету сұралсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Дабыловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Мұсабаев