Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 224 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 22 тамызда N 10-4-84 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы N 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 04.03.2013 N 18 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз және монша қызметтері үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы;
      3) 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы бекітілсін.
      Ескерту. Кіріспеге және 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 75 Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Көшербай

Қазалы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 224 қаулысымен бекітілген

       Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердін екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне(күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін
әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы қағида

      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тиісті бюджеттер есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуді белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.05.05 N 182 Қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік көмектің түрлері

      
      3. Әлеуметтік көмек мына қызмет түрлері бойынша тағайындалады:
      1) электрмен жабдықтауға;
      2) қатты отын (көмір) алуға;
      3) суық және ыстық сумен жабдықтауға;
      4) газбен жабдықтауға;
      5) телефонды пайдалануға (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне);
      Ескерту. 5) тармақшасына өзгерту енгізілді - Қызылорда облыстық  Қазалы аудандық мәслихатының 2010.10.01 N 284 Қаулысымен.
      6) орталықтандырылған жылуға;
      7) канализацияға;
      8) қоқыс шығаруға.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшері

      4. Әлеуметтік көмектің мөлшері:
      1) электр жарығы 1 айға - 45 кВтқа;
      2) қатты отын (көмір) пайдалану от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тоннаға;
      3) суық және ыстық сумен жабдықтауға 1 айға тариф бойынша;
      4) газбен жабдықтау 1 айға - 1 кіші баллон 10 киллограмм;
      5) телефонның әр айдағы абоненттік ақысына;
      6) орталықтандырылған жылуға 1 айға тариф бойынша;
      7) канализацияға 1 айға тариф бойынша;
      8) қоқыс шығаруға 1 айға тариф бойынша.

4. Қаржыландыру және төлеу

      5. Әлеуметтік көмек "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады және осы көмекті көрсетуге тиісті бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ғана жүзеге асырылады.
      6. Әлеуметтік көмекті алушылар "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
      4) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
      5) азаматтарды тіркеу кітабы.
      7. Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 75 Қаулысымен.
      8. Әлеуметтік көмек оны алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Қазалы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 224 қаулысымен бекітілген

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз және монша қызметтері үшін әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы қағида

      
      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тиісті бюджеттер есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз және монша қызметтері үшін әлеуметтік көмек көрсетуді белгілейді.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.

2. Әлеуметтік көмектің түрлері

      
      3. Әлеуметтік көмек қызметтің мына түрлері бойынша тағайындалады:
      1) шаштараздар қызметі үшін;
      2) моншалар қызметі үшін.

3. Қаржыландыру және төлеу

      4. Әлеуметтік көмек "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады және осы көмекті көрсетуге тиісті бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ғана жүзеге асырылады.
      5. Әлеуметтік көмек шаштараздар және моншалар қызметі үшін әр адамға ай сайын 500 (бес жүз) теңгеден есептелініп төленеді.
      6. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның тұрақты тұратын жерінде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған нысандар бойынша тиісті органдар берген куәліктер, сондай-ақ әскери комиссариаттар, әскери бөлімдер, архив мекемелері әскери қызметшінің, партизанның және өзге адамның қаза тапқандағы (хабар-ошарсыз кеткені), қайтыс болғаны туралы берген хабарламалары, анықтамалары немесе зейнетақы тағайындаған органдар растаған зейнеткерлік куәліктері әлеуметтік көмекті беру үшін негіз болып табылады.
      7. Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 75 Қаулысымен.
      8. Әлеуметтік көмек оны алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Қазалы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 224 қаулысымен бекітілген

1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы"
және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы қағида

      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тиісті бюджеттер есебінен 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді белгілейді.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу

      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.
      3. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар азамат "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
      4) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
      5) азаматтарды тіркеу кітабы.
      4. Әлеуметтік көмек 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға ай сайын тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің 3,0 (үш) есе мөлшерінде төленеді және жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта есептеледі.
      5. Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 75 Қаулысымен.
      6. Әлеуметтік көмек оны алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады