"Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 75 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 01 сәуірде N 10-4-115 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы N 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 04.03.2013 N 18 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 224 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-84 нөмірімен тіркелген, "Қазалы Айғағы" газетінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі 38-39 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
       аталған қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
       аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз және монша қызметтері үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы;
      3) 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы бекітілсін".
       аталған қаулымен бекітілген нұсқаулықтарда:
      "1-қосымша", "2-қосымша", "3-қосымша" деген сөздер алынып тасталсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Әлеуметтік көмекті алушыларға белгіленген қаржы "Қазпочта" акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының Қазалы аудандық почта байланыс торабы арқылы ай сайын жеке шоттарына аударылады" деген сөздер "Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Бисембаевқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      АУДАН ӘКІМІ                            А. КӨШЕРБАЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады