Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 04.03.2013 N 18 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 224 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-84 нөмірімен тіркелген, "Қазалы Айғағы" газетінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі 38-39 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығында:
аталған нұсқаулықтың тақырыбында және 1-тармағында "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) және Ауғанстан соғысына қатысушылар мен Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендерге" деген сөздерден кейін "және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А. Көшербай