Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.04.14 N 178 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 15 желтоқсанда 10-5-100 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 27 желтоқсан N 104 шығарылымында жарияланған) N 77 шешіміне төмендегідей толықтырулар енгізіліп, Қағиданың 5 тарауының 12 тармағы мынадай мазмұндағы 8 тармақшамен толықтырылсын:
"Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген алдындағы тоқсандағы тұрғын үй ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абонентік төлемнің ұлғаю бөлігіндегі байланыс қызметтер үшін төлемдер туралы мәлімет"
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
11-сессиясының төрағасы Ә. Байбарақов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ерманов