Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 178 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 12 мамырда N 10-5-137 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы N 64 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012.11.19 N 64 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын
үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен
нормативтерін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешімінің (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 15
желтоқсанында N 10-5-100 болып тіркелген "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 27 желтоқсандағы N 104 шығарылымында жарияланған) "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті 11 сессиясының N 90 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 2 ақпанында N 10-5-103 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 13 шығарылымында жарияланған) "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 10 қаңтардағы кезектен тыс 21-сессиясының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 11 ақпанында N 10-5-121 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 16 шығарылымында жарияланған) N 155 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 25-сессиясының төрағасы                      С. Жолымбетов

      Аудандық мәслихат хатшысы                        М. Ерманов

      Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
14 сәуірдегі N 178 шешіміне
      N 1-қосымша

Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге
арналған тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ I. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 және "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулыларына сәйкес Қармақшы ауданының халқына және Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй көмегін көрсетуге байланысты әзірленген.
      2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың бір нысаны болып табылады.
      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен аталған мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) жөніндегі шығындардың орнын толтыруға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге өтемақы ретінде беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерін тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін нормалар шегіндегі нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аудан тұрғындары үшін 12 пайыз, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жалғыз тұратын мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 14 пайыз, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жалғыз тұратын мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасының құрамына тұрғын үй-жайдың иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерін тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерге және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған
тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйге берілген шот бойынша жалға алу ақысын төлеуге арналған шығыстарды төлейтін ерлі-зайыптылар, олардың балалары, жақын туыстары (ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), еңбекке
жарамсыз асыраудағылар ескеріледі.
      Ата-анасынан бөлек тұратын 18 жасқа дейінгі балалар ата-ананың отбасына есепке алынады. Егер ата-ана құқығынан айырылған жағдайда балалар қорғаншылық (қамқоршылық) отбасына есепке алынады.
      5. Құрамында белгісіз себептер бойынша жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқытуға немесе қайта оқытуға қатысуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздары бар отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үй көмегін алуға мынадай отбасылардың құқығы жоқ:
      1) егер I және II топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтуді жүзеге асыратын адамдарды, 80 жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейін балаларды тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ төрт және одан көп бала тәрбиелеумен айналысатын адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасылар;
      2) егер меншік құқығында бір бірліктен артық тұрғын үй-жайы (пәтері, үйі) бар және тұрғын үй-жайды жалдауға (жалға) беретін отбасылар.
      7. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.
      Белгіленген мөлшерден асып кеткен тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңына тұрғын үй көмегі есептелмейді.
      8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.

II. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға ақшалай түрде беріледі.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
      5) жұмыссыздар уәкілетті органдарынан жұмыссыздығы жөнінде анықтама;
      6) жеке қосалқы шаруашылық туралы мәлімет.
      11. Сонымен бірге, өтініш беруші мынадай құжаттарды да қоса береді:
      1) тұрғын үй-жайдың иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер мен телекоммуникацияның қалалық және селолық желілерге қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға тұрғын үй көмегін есептеу үшін:
      коммуналдық қызметтерді: жылумен жабдықтауды; электр қуатымен жабдықтауды; сумен жабдықтауды; кәрізді; газбен жабдықтауды; қоқыстарды жоюды және лифтілерге қызмет көрсетуді тұтынғаны үшін төлемдердің түбіртектері;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      2) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына тұрғын үй көмегін есептеу үшін өтініш беруші өзіне жергілікті атқарушы орган берген төлем құжаттарының көшірмелерін қоса береді.
      12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      13. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық округтің әкіміне тапсырады.
      14. Кенттің, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын оларды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға тапсырады.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган тиісті шешім шығарғаннан кейін бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Уәкілетті органға тұрғын үй көмегінің төлемдерін артық көрсетуге немесе заңсыз тағайындауға алып келетін қасақана дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны үшін уәкілетті органның өтініш беруші/отбасы артық алған соманы өтеу туралы шешім қабылдауға құқығы
бар.
      Өтініш беруші/отбасы артық алған соманы өтеуден бас тартқан жағдайда өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      17. Тұрғын үй көмегін алу құқық тоқсан сайын осы Қағиданың 10 тармағында 1), 2) тармақшаларын қоспағанда көрсетілген құжаттарды бере отырып расталады.
      18. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді.      

IV. Коммуналдық қызметтер мен телекоммуникацияның
қалалық және селолық желілерге қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға тұрғын үй көмегін белгілеудің тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындауда төмендегі нормативтер қолданылады:
      1) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) кететін шығындар:
      - 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын адамдарға 30 шаршы метр, бірақ нақты пайдалану алаңы көлемінен артық емес;
      2) жылумен жабдықтау:
      - орталықтандырылған жылу - 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын адамдарға 30 шаршы метр, бірақ нақты пайдалану алаңы көлемінен артық емес;
      - қатты отын (көмір) пайдалану - от жағу мерзіміне 1 отбасыға 1 тонна; шалғай елді-мекендер тұрғындары үшін ағаш отын қатты отын нормасымен баламалы;
      3) сумен жабдықтау:
      - ауылдық жерде: суды көше колонкаларынан тұтыну нормасы - 1 адамға 80 л/тәулігіне;
      - су қашыртқысыз су құбырынан тұтыну нормасы - 1 адамға 140 л/тәулігіне;
      - қалалық жерде сумен жабдықтау және су қашыртқысы бойынша - суық және ыстық суды тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ жергілікті атқарушы органдары 1 адамға айына белгілеген тарифтен артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда бекітілген
тарифтер қолданылады;
      4) газбен жабдықтау:
      - сұйытылған газ (баллонда) - құрамында 4 адамға дейін мүшесі бар отбасыларға айына 10 килограмм, құрамында 4 адамнан жоғары мүшелері бар отбасыларға 20 килограмм;
      - орталықтандырылған газ - газ тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ жергілікті атқарушы органдары 1 адамға айына белгілеген тарифтен артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда бекітілген тарифтер қолданылады;
      5) электр қуатымен жабдықтау:
      - 1 адамға айына 70 кВт/сағ, бірақ 250 кВт/сағ аспайтын көлемде;
      6) қоқысты шығару және лифт қызметі бойынша - төлемге қызмет көрсетушілер ұсынған шоттарға сәйкес;
      7) байланыс қызметі - абоненттік төлем бойынша қызмет көрсетушілер ұсынған шоттарға сәйкес.
      Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

V. Отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі

      20. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
      Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
      21. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына
құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      1) әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
      2) бас бостандығынан айырылғандар;
      3) интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      4) мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      22. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      23. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
      1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және
кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар; шәкіртақылар; мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
қаржыландыру көзіне қарамастан жәрдемақылардың басқа түрлері;               3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган облыстық статистика басқармасы ұсынған орта жылдық бағасынан жинақталған өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы туралы мәліметке сүйеніп әзірленген нормативтік карточка негізінде есепке алады;
      6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен түсетін табыс;
      7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары.
      Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады. Ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      8) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
      9) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек;
      10) қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындардың тыңдаушыларына төленетін стипендия;
      11) жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмектердің басқа түрлері.
      24. Отбасының жиынтық табысына мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік біржолғы жәрдемақылар;
      2) ақшалай және заттай түрдегі қайырымдылық көмек;
      3) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      4) тегін тамақтандыру мен білім беру ұйымдарында білім беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін көмек;
      5) төтенше жағдай салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.

VI. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      25. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру жергілікті атқарушы органының тиісті қаржылық жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      26. Тұрғын үй көмегінің төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы көмек алушылардың жеке шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады