Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 06 қарашадағы N 77 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 15 желтоқсанда N 10-5-100 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 178 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.04.14 N 178 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтері N 1N 2N 3 қосымшалары сай бекітілсін (қосымшалар қоса жалғанды).
      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" N 28 санды шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 1 ақпанында 10-5-84 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 16 санды шғарылымында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25-ші желтоқсандағы N 28 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 43 санды шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 15 сәуірінде 10-5-88 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 7 мамыр N 38-39 шығарылымында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы "Қармақшы аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 28 санды "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормитивтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 58 санды және Қармақшы аудандық мәслихатының 30 қыркүйек 2008 жылғы "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" N 69 санды шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 10-сессия төрағасы                           Ә. Байбарақов

      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                                Н. Барысова

       Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының
N 77 шешіміне N 1-қосымша

       Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешіміне N 1 қосымша Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының  "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477 санды, 2004 жылғы 5 шілдедегі N 568 санды, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13 санды және 2006 жылғы 7 шілдедегі N 182 санды Заңдарын басшылыққа алынып, аудан халқына және Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына тұрғын үй көмегін көрсетуге байланысты әзірленген.

I. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық шығындардың тұрғын үй көмегімен өтелуін анықтап береді.

      2. Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үй коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына берілетін өтемақы.

      3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты мекен жайда тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде белгіленсе, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай (Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін) және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мөлшері болса ғана беріледі.

      4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.

II. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      5. Тұрғын үй көмегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы беріледі.

      6. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық округтің әкіміне тапсырады.

      7. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.

      8. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

      Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтумен немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындардан, стационарлық емделуде жатқандардан және 14 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар аналардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

III. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін қызметтер

      9. Қызмет түрлері:

      1) Орталықтандырылған жылу;
      2) Әлектр қуатымен қамтамасыз ету;
      3) Сумен жабдықтау;
      4) Су қашыртқы;
      5) Орталықтандырылған және баллонды газбен қамтамасыз ету;
      6) Тұрғын үйді ұстауға кететін шығындар;
      7) Қатты отын (көмір);
      8) Ыстық сумен жабдықтау;
      9) Қоқысты әкету;
      10) Лифт қызметі;
      11) Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі;

IV. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      10. Тұрғын үй көмегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан аспауға тиісті.
      11. Тұрғын үй көмегі арыз берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
      12. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жалған мәліметтерді әдейі бергені, оның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады, ал, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесі) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      V. Тиісті құжаттардың тізбесі

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мынадай құжаттармен өтініш жасайды:

      1) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) тұрғын үй алаңының көлемі туралы анықтама (тұрғын үйдің техникалық паспорты, ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім шарт);
      5) отбасының барлық мұшелерінің табысы туралы мәлімет;

      6) жұмыссыздар уәкілетті органдарынан жұмыссыздығы жөнінде анықтама;
      7) жеке қосалқы шаруашылық туралы мәлімет.
      8) Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген алдындағы тоқсандағы тұрғын үй ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абонентік төлемнің ұлғаю бөлігіндегі байланыс қызметтер үшін төлемдер туралы мәлімет.
      Ескерту. 8-тармақшамен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2008.12.24 N 90 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      13. Тұрғын үй көмегін алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

VI. Тұрғын үй көмегінің тағайындау және төлеу тәртібі

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) жоғарыда көрсетілген құжаттарының негізінде 10 күн ішінде қабылданады.
      16. Ақпараттың растығына күмән туған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сұрау салады, заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алушы үміткерлердің табысы туралы ақпарат расталады.

VII. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері

      17. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына: Қазақстан Республикасының " Неке және отбасы туралы" Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата - аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
      18. Тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      1) әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
      2) бас бостандығынан айырылғандар;
      3) интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      4)  мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      19. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсырады.
      20. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
      1) жалақы тұріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар, шәкіртақылар, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; қаржыландыру көзіне қарамастан жәрдемақылардың басқа түрлері;
      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      4) денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган облыстық статистика басқармасы ұсынған орта жылдық бағасынан жинақталған өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы туралы мәліметке сүйеніп әзірленген нормативтік карточка негізінде есепке алады;
      6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен түсетін табыс;
      7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады. Ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      8) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
      9) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек;
      10) қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге,   аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындардың тыңдаушыларына төленетін стипендия.

VIII. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      21. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      22. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау мен басқа уәкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
      23. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жауап береді.

IX. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау.

      24. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін бюджет мүмкіндігіне қарай аудандық мәслихат белгілейді.

Аудандық мәслихатының 2008 жылғы
6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының
N 77 шешіміне N 2-қосымша

Қармақшы ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына арналған тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің түрлері мен нормативтері

N

Қызмет түрлері

Өлшем бірлігі

Коммуналдық қызметтің 1 айлық нормасы

1

Әлектр әнергиясы

кВт

1 адамға 45 кВт/сағ, бірақ жиынтығы 150кВт/сағ аспайтын көлемде

2

Ауыз су пайдалану

М3

1 адамға 1,5 м3, бірақ жиынтығы
5 м3 аспайтын көлемде

3

Қатты отын (көмір)

тонна

От жағу мерзіміне 1 отбасыға 1 тонна; шалғай елді-мекендер тұрғындары үшін ағаш отын қатты отын нормасымен есептеледі

4

Газ(сұйытылған газ баллонда)

кг

1 айға 4 адамға дейін мүшесі бар отбасыларына 10 килограмм, 4   адамнан жоғары мүшелері бар отбасыларға 20 кг

      Ескерту:
      1) "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 12 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".

      "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 14 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".
      Ескерту. Ескертудегі мәтін жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.01.10 N 155 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Аудандық мәслихатының 2008 жылғы
6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының
N 77 шешіміне N 3-қосымша

Байқоңыр қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына арналған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің
түрлері мен нормативтері

Қызмет түрлері Өлшем бірлігі Коммуналдық қызметтердің 1 айлық нормасы мен тарифтері Ескерту

Әлектр қуаты

кВт/сағ

Отбасының бір мұшесіне 45 кВт/сағ., бірақ жиынтығы 150 кВт/сағ аспайтын көлемде;
1 кВт/сағ - 2,17 руб. белгіленген тәртіппен әлектр плиталармен жабдықталған үйлерге - 1,52 руб.

Байқоңыр қаласының 29.11.2007 жылғы N П-06/әк АӘК-ның (аймақтық әнергетикалық комиссия) қаулысы, қолданысқа 01.01.2008 ж. бастап

Жылумен жабдықтау

м2

Қазақстан Республикасының тұрғын үй зандылығының нормативіне сәйкес отбасының бір мүшесі үшін пайдалану алаңы 18 м , бірақ 72 м көп емес, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 м2; Жылытылатын көлемнің 1 м2-11,00 руб.

29.11.2007 ж.
N П-06/әк АӘК-ның қаулысы, қолданысқа   01.01.2008 ж.бастап

Газбен жабдықтау

кг

1 адамға- 103,78 руб.; есептегіш құралдары    орнатылған жағдайда 1 м3 - 49,04 руб.

29.11.2007 ж.
N П-09/әк АӘК-ның қаулысы, қолданысқа   01.01.2008ж.

Мұздай сумен жабдықтау

л

1 адамға- 76,34 руб. есептегіш құралдары       орнатылған жағдайда 1 м3 - 8,71 руб.

29.11.2007 ж.
N П-08/әк АӘК-ның қаулысы, қолданысқа  01.01.2008ж.бастап

Ыстық сумен жабдықтау

л

1 адамға- 108,33 руб. есептегіш құралдары       орнатылған жағдайда 1 м3 - 35,37 руб.

29.11.2007 ж.
N П-06/әк АӘК-ның қаулысы, қолданысқа   01.01.2008 ж.бастап

Су қашыртқы

л

1 адамға- 56,56 руб. есептегіш құралдары       орнатылған жағдайда 1 м3 - 4,93 руб.

29.11.2007 ж.
N П-08/әк АӘК-ның қаулысы, қолданысқа   01.01.2008 ж.бастап

Тұрғын үйді күту бойынша шығындар: 1.лифтімен 2.лифтісіз

м2

жалпы көлемнің 1 м2- 17,08 руб. жалпы көлемнің 1 м2- 18,79 руб.

30.11.2007 ж.
N 197 Байқоңыр қ. әкімшілік басшысының  қаулысы, қолданысқа 01.01.2008ж. бастап

      Ескерту:
      1) "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 12 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".

      "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 14 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".
      Ескерту. Ескертудегі мәтін жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.01.10 N 155 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады