"Көше атауын өзгерту туралы"

Жаңа

Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 292 шешімі. Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 маусымдағы N 10-7-53 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясы мәжілісінің 13.03.2007 жылғы N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. Қожакент ауылдық округіндегі "Еңбек" көшесі әнші композитор, шертпе күйдің шебері, термеші "Құтбай Дүрбайұлы" атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 24 шілдесінен бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.

      Ауыл әкімі                                     Ә.Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады