"Көше атауларын өзгерту туралы"

Жаңа

Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 мамырдағы N 301 шешімі. Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 маусымдағы N 10-7-54 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастика комиссиясы мәжілісінің 2005 жылғы N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. Қыркеңсе ауылдық округі көшелерінің келесі атаулары өзгертілсін:
      1) "Кеңес" атындағы көше Ұлы Отан соғысының ардагері "Өмірзақ Сарсенбаев" атындағы көше болып өзгертілсін;
      2) "Жеңіс" атындағы көше Ұлы Отан соғысының ардагері "Юсупов Камал" атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 26 қаңтарынан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.

      Ауыл әкімі                                     Т.Құрманбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады