Бір жолғы талондар құны және салықтың базалық салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті ХІ сессиясының N 101 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 19 қаңтарда N 10-7-67 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 220 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010.04.09 N 220 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)" Кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Базар мен сауда қатарында тауарлар сататын және түрлі қызметтер көрсететін бір жолғы талон негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың бір күндік сатушылық қызметіне бюджетке төленетін талон құнымен кәсіпкерлікпен дүркін-дүркін сипатта айналысушы жеке тұлғалардың бір жолғы талон мөлшері 12-     қосымшаларға сай бекітілсін.
      2. Аудан көлемінде ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, картты бильярд үстелдерін пайдалана отырып қызметтер өткізуді жүзеге асыратын салық төлемгерлерінің айына салық бірлігіне тіркелген салықтың базалық салық ставкаларының мөлшері 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 маусымдағы "Біржолғы талондар құны туралы" (аудандық Әділет басқармасында 30.01.2008 жылы мемлекеттік тіркеу N 10-7-58 болып тіркелген жергілікті "Жаңақорған тынысы" газетінде N 65 13.08.2008 жылы жарияланған) N 63 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      ХІ сессиясының төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы                        С. Дүйсебеков

2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 101 шешіміне 1 қосымша

Базарларда тауарларын /мүлкін/ өткізетін, сататын бір жолғы талон негізінде кәсіпшілікпен айналысатын тұлғалардың 2009 жылға бекітілген бір күнгі сатушылық қызметінің талон құны

Базардың аталуы

Маманда-нуы

Сауда қатары

Сауда орнының көлемі, ш/м

Айлық есептік көрсеткіштің пайызы

2009 жылға бекітілген бір жолғы талон құны, теңге

ІІІ санатта-ғы базарлар үшін

Азық-
түлік

Азық-түлік саудасы

а/ жүк автокөліктерінен сату


38

485

ә/ жүк автокөліктерінен сату


14

180

б/азық-түлік тауарларын сөреден сату




Сөреде белгіленген бір орыннан азық-түлік сату


13

165

Ет өнімдерін сөреден сату


19

240

Балық өнімдерін сату


19

240

Күріш, ұн өнімдерін қаптап сату


13

165

Талқан, сөк өнімдерін сату


12

150

т.б өнімдерін сату


12

150

Азық-түлік тауарларын қолдап сату




Сөрелерді аралап тамақ, шай сату


9

115

Қолдан самса /пирожки/ сату


4

50

Сүт, айран, қымыран қымыз өнімдерін сату


4

50

Шемішке, жиде, кондитер өнімдерін сату


4

50

Нан және нан өнімдерін сату


6

76,0

Салат жасап сату


4

45,0

Балмұздақ сату


12

150

Көкөніс өнімдерін сату


14

180,0

Заттай сауда

Өндірістік тауарларды сөреден сату




өндірістік /киім кешек/ сату


13

165

Қымбат бағалы бас киімдерді сату бір орынға


19

240

Телевизор, тоңазытқыштар сату, бір орынға


13

165

Кілем, палас бұйымдарын сату


13

165

Кеңсе заттарын сату


10

130

Маталарды кездемелеп сату


10

130

Контейнерден зат сату


6

80

Құрылыс материалдарын сату


15

190

Қолдап сату




Қолдан жасалған үй жиһаздарын /диван, кресло т.б/


10

130

Қолдан зат сату /орамал, шұлық т.б/


6

80

Пайдаланылған қосалқы бөлшектер сату


6

80

Етік тігу мен сағат жасаушылар


6

80

Бұрын пайдаланылған көне заттар сату


6

80

Автокөлік саудасы




Жүк автокөлігін сату




15 жылдан жоғары


13

165


Пайдалану мерзімі 1 жылдан 15 жылға дейінгі қоса алғанда


19

240


Пайдалану мерзімі 7 жылға дейін сатылған жағдайда


26

330

Жеңіл автокөлігін сату




15 жылдан жоғары


13

165

Пайдалану мерзімі 1 жылдан 15 жылға дейінгі қоса алғанда



17

220

Пайдалану мерзімі 7 жылға дейін сатылған жағдайда


23

290

Мал сату




Ірі қара малын сату /сиыр, жылқы, түйе/


19

240

Бір жасқа дейін қара малын сату


10

130

Қой, ешкі сату


6

80

Бір жасқа дейінгі үй жануарларын сату


4

45

Құс сату


4

45

Мал азығын сату




Жемдік мал азығын машинадан сату


31

400

Шөптік мал азығын сату машинадан


31

400

Мал азығын қолдан сату /қаптап сату/


13

165

Көшелерде белгіленген жерлерде сауда жасайтын әр адамға




Заттың құны 3 мың теңгеге дейін


4

45

Заттың құны 3 мың теңгеден жоғары


6

80

Гүл сату


6

80

Түрлі өсімдік тұқымдарын сату


4

45

Отын сату (баялыш, жыңғыл, шеңгел)


31

400

Базарға көлікпен мал апару


39

500

Көлікпен топырақ, құм тас, көмір сату


39

500



Базардан тыс жерлерден көкөніс өнімдерін сату


6

80

2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 101 шешіміне 2 қосымша

2009 жылы кәсіпкерлікпен дүркін-дүркін сипатта айналысушы жеке тұлғалардың біржолғы талон құны

р/с

Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерліктің тізбесі

Құны бір күнге, теңге

1

Саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату (айлық есептік көрсеткіштің 6 пайызы)

80

2

Газет, журналдарды қолдан сату (айлық есептік көрсеткіштің 4 пайызы)

45

3

Көшеттерді, тұқымдарды тұрақты сауда нүктелерінің тыс жерлерде сату (айлық есептік көрсеткіштің 5 пайызы)

65

4

Балық сату (айлық есептік көрсеткіштің 13 пайызы)

165

2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 101 шешіміне 3 қосымша

Аудан көлемінде ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, картты, бильярд үстелдерін пайдалана отырып қызметтер өткізуді жүзеге асыратын салық төлемгерлерінің айына салық бірлігіне тіркелген салықтың базалық салық
СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

р/с

Тіркелген жиынтық салығының салық салу объектісі


Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштің АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

Бір ойын автоматына

1.3

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Бір ойын автоматына

1.3

3

Ойын өткізуге үшін пайдаланылатын дербес компьютер

Бір дербес компьютерге

1.3

4

Ойын жолы

Бір ойын жолы

5

5

Карт

Бір картқа

2

6

Бильярд үстелі

Бір бильярд үстеліне

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады