Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті ХІ сесиясының N 100 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 19 қаңтарда N 10-7-68 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 29.11.2013 N 170 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер Кодексі" Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1-қосымшаға және базалық ставкасының түзету коэффициенттері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      ХІ сессиясының төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы                  С. Дүйсебеков

Жаңақорған аудандық мәслихатының
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 100 шешіміне 1-қосымша

       Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ

      (Қағаз жүзінде қараңыз)

Жаңақорған аудандық мәслихатының
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 100 шешіміне 2-қосымша

Жаңақорған ауданындағы аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ нөмірі

Аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

I

1,5

II

1,4

III

1,3

IV

1,2

Жаңақорған ауданындағы аймақтық шекараларының сипаттамасы

Аймақ нөмірі

Жер кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі бағалық аймақтардың шекаралары

Нысаналы мақсаты

Аймақ көлемі, га

I

Аймақтың шекарасы солтүстік шығысы Жаңақорған автожолымен және Самара-Шымкент автожолымен, оңтүстік шығысы кент шекарасы бойлай Жаңақорған шипа-жайын бойлай батысынан темір жол көпірімен шектесе, Тайпақкөл каналының бойымен темір жолға келіп тіреледі. Мал өнімдері өндірілетін цех осы аймаққа кіреді, солтүстігі Абай көшесі, солтүстік шығысы Раушан көшесімен Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

996,7

II

Кенттің солтүстік батысы темір жолмен бастап оңтүстігі Абай көшесін бойлай, Раушан көшесін және Самара-Шымкент трассасымен шектеледі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

578,6

III

Аймақ шекарасы оңтүстігі Ы.Алтынсарин көшесін бойлай батысынан Тайпақкөл каналымен шектеседі.

жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

417,6

IV

Бірінші учаскесі: Бұл аймақ солтүстігі Ы.Алтынсарин көшесінен басталып, солтүстік шығысынан темір жол көпіріне дейінгі жолды бойлай, шығысынан темір жолмен және оңтүстігі Сырдария өзенімен шектеседі.

жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

210,0

Екінші учаскесі: Кенттің солтүстік шығысын алып жатыр. Солтүстік батысы Жаңақорған - Шалқия автожолымен, оңтүстігі Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.

Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

350,3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады