"Қазақстан Республикасының Жер кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексiнің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 100 "Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасын түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-7-68 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2009 жылдың 28 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХІV сессиясының
төрағасы Н.КӨЛЖАНОВ
Жаңақорған аудандық
мәслихат хатшысы А.НАЛИБАЕВ
Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
1-қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақоған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
2-қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары
N |
Аймақ нөмірі |
Аймақтардың шекаралары |
Аймақ көлемі, га |
1 |
I |
Аймақтың шекарасы, солтүстігі "Алматы-Мәскеу" темір жолымен оңтүстік теміржол өткелге дейін, оңтүстігі Аманкелді көшесінің бойымен, Алтынсарин көшесінің қиылысымен, әрі қарай көшенің бойымен, батысы Сырдария өзенінің бөгетін бойлап темір жолдың бойындағы су торабымен түйіседі. |
590,1 |
2 |
II |
Аймақтың шекарасы, солтүстігі "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығы, "Жаңақорған-Шалқия" автожолының қиылысымен, шығысынан автожолды бойлап "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетімен, оңтүстік шығысы "Жаңақорған- "СКЗ-U" ЖШС" автожолын бойлап шипажайға баратын автожолдың қиылысымен, кенттің шекарасын бойлап Қожанов көшесімен, темір жол өткелімен, әрі қарай "Алматы -Мәскеу" темір жолын бойымен, солтүстік батысы "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығы қиылысымен түйіседі. |
1210,1 |
3 |
III |
Аймақтық шекарасы, солтүстігі Алтынсарин көшесі, Аманкелді көшесінің қиылысымен, шығысынан темір жол өткелімен, Қожанов көшесімен бойлап шипажайға дейін, оңтүстігі кенттің шекарасын бойлап Алтынсарин көшесінің қиылысымен түйіседі. |
401,8 |
4 |
IV |
Бірінші учаскесі: аймақтық шекарасы, солтүстік шығысы "Жаңақорған-Жайылма" автожолының бойы және "Жаңақорған-Шалқия" темір жолының қиылысымен, солтүстік-шығысы "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығын бойлап "Алматы-Мәскеу" темір жолының қиылысымен, оңтүстік батысы "Алматы-Мәскеу" темір жолын бойын және кенттің шекарасын бойлап "Жаңақорған-Жайылма" автожолымен түйіседі. |
317,5 |
Екінші учаскесі: оңтүстігі "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетінен кенттің шекарасына дейін, солтүстік шығысы "Жаңақорған-Шалқия" автожолын бойлап кенттің шекарасымен, "Жаңақорған-"СКЗ-U" ЖШС" автожолын бойлап "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетімен түй-седі. |
309,5 |
Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
3-қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
N |
Аймақ нөмірі |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
1 |
I |
2,0 |
2 |
II |
1,6 |
3 |
III |
1,2 |
4 |
IV |
0,8 |