Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.12 N 52 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 10 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бесарық ауылдық округінде мүйізді ірі қара малынан "Қарасан" ауруының шығуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық шаралар жүргізу үшін енгізілген карантиндік режим тоқтатылсын.
2. "Бесарық ауылдық округінде "Қарасан" ауруының шығуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық шаралар жүргізу үшін карантиндік режим енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 149 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 7 сәуірде N 10-8-64 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2008 жылғы 12 сәуірдегі N 31 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Маншариповке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И. Әбибуллаев
"Келісілді"
Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Марат Наурызбаев
"___" мамыр 2008 ж.
"Келісілді"
Аудандық аумақтық инспекциясының бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
Бекзат Мұсағұлов
"___" мамыр 2008 ж.