Бесарық ауылдық округінде "Қарасан" ауруының шығуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық шаралар жүргізу үшін карантиндік режим енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 149 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 07 сәуірде N 10-8-64 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 280 қаулысымен

      Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2008.05.15 N 280 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының талаптарына, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалдарды өтеу ережесі мен шарттарына сәйкес және "Жануарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 493 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бесарық ауылдық округінде мүйізді ірі қара малынан "Қарасан" ауруының шығуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық шаралар жүргізу үшін карантиндік режимі енгізілсін.
      2. Бесарық ауылдық округінің әкімі (Ж.Әубәкір) аудандық аумақтық инспекциясымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерін кіргізу мен шығарылуына жануарлардың профилактикалық шаралардың толық атқарылуына қатаң бақылау жасау ұсынылсын.
      3. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына (Б.Мұсағұлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік - санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               И. Әбибуллаев

"КЕЛІСІЛДІ"

"келісілді"
Аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы Марат Наурызбаев
10 наурыз 2008 ж.

"келісілді"
Аудандық аумақтық инспекциясының бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
Бекзат Мұсағұлов
10 наурыз 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады