Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2012.03.13 N 102 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының 11 бабының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданының мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңында бекітілген мөлшерде белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
2008 жылғы 31 шілде N 427
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің
Нұсқаулығы
1. Жалпы қағида
1. Осы Нұсқаулық мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға
көрсетілетін әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің нұсқаулығында (бұдан әрі - Нұсқаулық) мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мүгедек бала - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған, он сегіз жасқа толмаған тұлға;
2) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы — мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат;
3) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы - медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытуды белгілейтін құжат;
4) өтініш беруші мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек
тағайындауға өтініш жасаушы тұлға;
5) баланың заңды өкілдері - ата-анасы, бала асырап алушылар,
қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушісі. Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын
білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тұлғалар.
3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясы қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі.
4. Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне, немесе оның орын ауыстыратын тұлғаға немесе заңды өкіліне (бұдан әрі - алушылар) беріледі.
5. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және камқорлыққа
(қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.
6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
7. Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.
8. Талас тудыратын барлық мәселелер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қаралады.
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі
9. Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган ) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы (көшірмесі);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның
(ПМПК) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы берген қорытындысы
(түпнұсқасы);
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (көшірмесі).
10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
11. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның жауапты тұлғасы құжаттарды түпнұсқалармен салыстырады, тіркеу журналы ұсынылған құжаттарын қоса өтініштерін тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар талонды береді.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі өтініш тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті органға тапсырылады.
13. Әлеуметтік көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Құжаттарды қоса беріп отырып, өтініш берген ай, өтініш жасалған ай деп саналады.
14. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
15. Әлеуметтік көмек аудандық ПМПК берген анықтамасында көрсетілгендей құқық пайда болған кезден бастап, тоқсан сайын бір жылға тағайындалады және тоқсан көрсетілген кезеңге төленеді.
16. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтатуға немесе қайта жаңартуға әсер ететін (баланы асырап алу, оның өлімі және т.б.) жағдайларда, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
18. Әлеуметтік көмек бір тоқсанға төленеді.
19. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
20. Әлеуметтік көмек алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді.
Ескерту. 20-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.03.12 N 101 қаулысымен.
21. Әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарымен төленген әлеуметтік көмектің салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15 не "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне тапсырады.
Ескерту. 21-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.03.12 N 101 қаулысымен.
22. Әдейі жалған мәліметтерді ұсыну әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек алушыдан төмендегі жағдайларда ұсталады;
1) әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті органның шешімі негізінде;
2) соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы негізінде.
23. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсі бойынша аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы өткен уақыт үшін ешқандай мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
24. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу
мен және оқытатын көмектің Нұсқаулығына
қосымша
___________________________аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
___________________________________
___________________________________
(мекен-жайында тұратын)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________
___________________________________
Тел________________________________
Жеке куәлігі N_____________________
___________________________________
_____________________________берген
(кім берді)
___________________________________
(қашан берді)
СТН________________________________
ЖӘК________________________________
Өтініш
Маған мүгедек балам___________________________________________
(тегі,аты,әкесінің аты)
әлеуметтік көмек тағайындап төлеуіңізді және "Қазпошта" филиалында
ашылған N жеке есеп шотқа аударуыңызды сұраймын.
Өзгерістер туған жағдайда 10 күн ішінде ол туралы хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен анық емес (жасанды) құжаттар көрсеткенім үшін жауапты екендігім ескертілді.
200 жылғы "___"___________________________
(өтініш иесінің қолы)
Өтініш қабылданды.
200 жылғы "____" _______________________________
(Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты жөні, қолы)
_______________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат_______________өтініші____________дана құжаттарымен қоса
200__жылғы "___" __________________ қабылданды.
_______________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөні, лауазымы және қолы)